Версия для печати

РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ ӘНҰРАН ОРЫНДАЛДЫ

4 маусым- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай, М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен студенттер мемлекеттік әнұранды орындады.

Салтанатты рәсімнің мақсаты–әрбір қазақстандықтың өз жеріне, халқына деген мақтаныш сезімін оятып, патриотизм мен азаматтық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ету.

Шараны Басқарма Төрағасы– Ректор Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзбен ашып, мемлекеттік рәміздерде барша Қазақстан халқын біріктіретін, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайтатын құдіретті күш бар екенін жеткізді.

Мемлекеттік ту Қазақстанның еркіндігі мен біртұтастығын, Елтаңба– жүріп өткен тарихи жолымыз бен бірлігімізді бейнелейді. Әнұран Отанға деген мақтаныш пен сүйіспеншілік сезімін оятып, болашаққа ұмтылысымызды айшықтайтын салтанатты ән. Мемлекеттік рәміздерді қастерлеу – биік азаматтық пен шынайы патриотизмнің айқын көрінісі.

рамыздер1111

рамыздер2222

 

Прочитано 76 раз