Университет қабырғасында республикалық «Жарық» зияткерлік ойыны жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Сайысқа еліміздің әр өңірінен келген 30-ға жуық команда өзара білім, логика және шешендік қабілеттерін ортаға салды.
Зияткерлік сайыс нәтижесінде:
- • I орын — «FG» командасы (200 000 теңге жүлде)
- • II орын — «ҰЯ» командасы (150 000 теңге)
- • III орын — «Абай» ұлағаты командасы (100 000 теңге)
Сондай-ақ, арнайы номинациялар бойынша төмендегі қатысушылар марапатталды:
- • Үздік капитан — Абулхаир Әсел (5ties командасы) — 50 000 тг
- • Үздік команда — Жәнібеков жастары — 50 000 тг
- • Үздік талпыныс — ЕОА командасы — 50 000 тг
- • Үздік төреші — Әбуәлі Мұхтарәлі — 50 000 тг
- • Көрермен көзайымы — Pikir Play командасы — 50 000 тг
- • Үздік волонтер — Көпен Санжар — 50 000 тг
- • Үздік гид — Нарик Жанерке — 50 000 тг
Тартысты өткен сайыс жастардың білімге деген қызығушылығын арттырып, командалық жұмыс пен зияткерлік әлеуетті дамытуда маңызды рөл атқарды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, барша қатысушыларға шабыт және толассыз табыс тілейміз!