Версия для печати

ХОРЕГРАФИЯЛЫҚ ЗАЛЫНЫҢ АШЫЛУЫ ӨТТІ

«Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен "Хореография" мамандығының және "Томирис" хореографиялық би ансамблінің 25 жыл толуына орай  Жамбыл облысының тумасы, Қазақ КСР  еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақ КСР Халық  әртісі, өнертану ғылымының кандидаты, профессор  Дәурен Әбіров Тастанбекұлының  атындағы хореографиялық залының ашылуы өтті.

Мақсаты - қазақ биінінің ұлттық ерекшеліктерін және хореографиялық мұраны кәсіби деңгейде ЖОО және коллледж студент жастары мен  келешек ұрпаққа жеткізу.

Ұлттық салт-дәстүрді сақтау және дамыту мақсатында өткен хореографиялық залымыздың ашылу салтанатын Дәурен Тастанбекұлының қызы Камила Дәуренқызы және «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Айсұлу Нұрдынқызы салтанатты лентасын кесті.

Е.Брусиловскийдің музыкасына қойылған, Дәурен Әбіровтың шығармасы «Алтынай» биін  «Томирис» би ансамблі жоғары кәсіби деңгейде орындап, көрерменнің жүрегінен ерекше орын алды.

«Томирис» хореографиялық би ансамблінің негізін қалаушы азаматтарымыздың бірі  - «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Жанат Мырзағұлқызы сөз сөйлеп, Камила Абироваға ерекше алғысын білдірді. Өз тарапынан Камила Абирова өзінің шексіз ризалығын білдіріп, бірнеше туынды оқу-құралдарын университет жастары мен оқытушыларына сыйға тартты. Камила Абирова өз сөзінде: «Әкемнің қазақ ұлттық биін жоғары кәсіби деңгейге көтеріп, әлемге паш етудегі еңбегі орасан зор! Жастарға және қазақ еліне ұмытылмайтындай мирас қалдыруна үлес қосуына тілектеспін!» - деп университет басшылығына жүрекжарды алғысын жеткізді.

Прочитано 75 раз