Құрметті Дулати университетінің оқытушылары мен қызметкерлері, Scopus немесе Web of Science дерекқорларында Хирш индексі 3 және одан жоғары, сондай-ақ Scopus немесе Web of Science дерекқорлардағы рецензияланатын журналдарда Q1, Q2, Q3 квартильдеріне жататын жарияланымдары бар оқытушылар мен қызметкерлер, 2024 жылғы 17 желтоқсанда бекітілген «Қызметкерлерді моральдық және материалдық ынталандыру туралы ережеге» сәйкес ынталандыру төлемдерін алу үшін 2025 жылдың бірінші жарты жылдықтағы жарияланымдардың көшірмелерін (сондай-ақ, бұл 2024 жылдың екінші жарты жылдығындағы жарияланымдар үшін ынталандыру төлемдерін алмағандарға да қатысты), Хирш индексі бойынша Scopus және Web of Science дерекқорларына сілтемені 2025 жылдың 13 маусымына дейін ғылым және коммерциаландыру департаментіне (Сүлейменов көшесі 13, 109 кабинет) ұсынуды сұраймыз.