Версия для печати

ТҮРКІСТАНДА ТҮРКІ ЕЛДЕРІНІҢ САЙЛАУ ЖҮЙЕЛЕРІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Түркі әлемі: сайлау жүйелерінің дәстүрі, тәжірибесі және даму болашағы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ауқымды жиынды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Конференцияға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Мажарстан (Түркі мемлекеттері ұйымы жанындағы бақылаушы ел) сайлау комиссияларының өкілдері, сондай-ақ A-WEB, ТүркПА, Түркі академиясының сарапшылары, ғалымдар мен депутаттар, Дулати университеті мен өзге де жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты.

Жиын аясында қатысушылар түркі мемлекеттеріндегі сайлау жүйелері мен демократиялық тәжірибелер бойынша өзара пікір алмасып, тәжірибе бөлісті.

Конференция жұмысы пленарлық отырыс пен екі тақырыптық секция бойынша өтті:

  • • 1-секция – «Түркі қауымдастықтарындағы сайлау дәстүрлері». Мұнда тарихи тәжірибе, дала демократиясы, көне сайлау жүйелері мен заңдылық негіздері қарастырылды.
  • • 2-секция – «Түркі мемлекеттерінің сайлау жүйелерін талдау: жетістіктері мен болашағы». Мұнда заманауи технологияларды қолдану, сайлаушылар құқығын қорғау, реформалар және үгіт-насихат жұмыстарының жаңа формалары талқыланды.

Сонымен қатар, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің сайлау органдары Консультативтік платформа құру туралы ережеге қол қойды. Бұл платформа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылып, бауырлас елдер арасында сайлау жүйесін жетілдіру, инновация енгізу және халықаралық байқау миссияларын үйлестіру үшін тұрақты алаңға айналмақ.

Конференция соңында Түркістан қарары қабылданып, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер ғылыми қауымдастықты сайлау жүйелерін дамыту ісіне белсенді тарту және өзара ынтымақтастықты арттыру жөнінде келісімге келді.

туркы1111

туркы2222

туркы3333

туркы4444

 

Прочитано 71 раз