Версия для печати

STUDY IN KAZAKHSTAN ҚЫТАЙ МЕМЛЕКЕТІНДЕ

2025 жылдың 13 мамырында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының орталығы — Үрімжі қаласында алғаш рет «Study in Kazakhstan» атты білім беру көрмесі өтті.

Ауқымды шара ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бастамасымен, Орталық Азия мен Қытай елдері білім министрлерінің алғашқы кездесуі және ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің білім министрлерінің 9-отырысы аясында ұйымдастырылды.

Көрмеге Қазақстанның 16 жетекші жоғары оқу орны қатысты. Олардың қатарында М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті де бар.

Шара барысында университет өкілдері академиялық ұтқырлық, қос диплом жобалары және шетелдік студенттерге арналған оқу мүмкіндіктерін таныстырды.

Шыңжаң – Қытайдың Батысқа шығатын мәдени және білім қақпасы болғандықтан, көрме екі ел арасындағы академиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге ықпал етті.

Дулати университеті үшін бұл – халықаралық беделді арттыру мен жаңа білім нарығына шығудың маңызды қадамы.

стади1111

стади2222

стади33333

стади4444

стади55555

стади6666

стади7777

 

Прочитано 78 раз