М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде «Фемида» ұйымының 15 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтті. Іс-шараға ұйымның әр жылдардағы мүшелері, университет басшылығы және қоғам белсенділері қатысты.
Кеш барысында «Фемида» ұйымының негізін қалаушы Кенжебекова Асылхан Рамазанқызы «Ізгілік қайнары» атты кітабының тұсаукесерін өткізді. Бұл еңбек ұйымның құрылу тарихы мен дамуына арналған.
Салтанатты жиынға университеттің Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Еділханұлы және Әлеуметтік жұмыс бөлімінің басшысы Арнат Бегдалыұлы қатысып, ұйымның жетістіктерін атап өтті.
«Фемида» ұйымы 15 жыл ішінде құқық саласындағы білім мен тәжірибені арттыруға, студенттердің кәсіби дамуына зор үлес қосып келеді. Мерейтойлық кеш – ұйымның өткен жолына шолу жасап, болашаққа бағыт-бағдар беретін маңызды шара болды.