Версия для печати

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРЕНАЛАРДА ТОП ЖАРДЫ

Инклюзивті  спортының дамуына үлес қосып келе жатқан Дулати университетінің студенттері халықаралық деңгейде ел намысын абыроймен қорғап, бірқатар ірі жеңістерге қол жеткізді. Спорттың әртүрлі түрлерінен өткен байрақты бәсекелерде үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстанның атын әлемге паш етті.

Үндістанның Нью-Дели қаласында ұйымдастырылған Азия чемпионатында, қол күрес спортынан бақ сынаған «Дене шынықтыру және спорт теориясы» кафедрасының 1-курс студенті Омар Әбдіқапар   1-орын иеленіп, алтын медальмен марапатталды.

Грузияның Тбилиси қаласында Пауэрлифтинг спорт түрінен өткен Халықаралық  «Кубок Мира» жарысында жастар арасында күш көрсеткен Технологиялық факультетінің 3-курс студенті Ербақыт Әмірәлі 1-орын алып, еліміздің көк туын биікте желбіретті.

Қытайдың Тайьан қаласында таэквондо спорт түрінен өткен  «Asian President’s Cup» додасында «Дене шынықтыру және спорт теориясы» кафедрасының 1-курс студенті Бауржан Күшербаев 3-орын иеленіп, Азия деңгейіндегі бәсекеде жоғары нәтиже көрсетті.

Тбилиси қаласында өткен «World Cup» жарысында Дулати университетінің намысын қорғаған «Дене шынықтыру және спорт теориясы» кафедрасының 1-курс студенті Айжан Берімқұлова 1-орынға ие болып, жеңіс тұғырынан көрінді.

Өзбекстан мемлекетінде Самбо спорт түрінен өткен жарыста «Дене шынықтыру және спорт теориясы» кафедрасының 2-курс студенті Ахмед Ахмедов екі дүркін Азия чемпионы атанды.

Таеквондо спорт түрінен үлкен жетістікке қол жеткізген «Дене шынықтыру және спорт теориясы» кафедрасының 3-курс студенті Мади Сейсенбаев Әлем чемпионатында және Азия чемпионатында 3-орын, Қазақстан чемпионатында 1-орын иеленіп, еліміздің үздік спортшыларының қатарына енді.

Дулати университеті талантты жастарға біліммен қатар, спортта да биік белестерді бағындыруға мүмкіндік жасап келеді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!

спорт1111

спорт2222

спорт3333

спорт4444

спорт5555

спорт6666

 

Прочитано 156 раз