М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер бойынша проректор Еркінбаева Ләззат пен «Edukey.kz» ЖШС директоры Копейсинов Ерлан маңызды құжатқа қол қойды!
«Edukey.kz» - білім мен мүмкіндіктердің есігін ашатын орта. Меморандумның мақсаты – студенттер мен түлектердің мансаптық дағдыларын қалыптастыруға, оларды тәжірибеден өтуге және жұмыспен қамтуға қолдау көрсету.
Бұл ынтымақтастық білім беру саласындағы жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, жастардың кәсіби дамуына үлкен серпін бермек. Меморандум екі тараптың ортақ мақсаттарына жету жолындағы сенімді серіктестігін көрсетеді. Жастарға сапалы білім, тәжірибе және жаңа мүмкіндіктер ұсынылады.