Шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға кешенді тестілеудің шет тілі бойынша тестінен босатылады:
 АҒЫЛШЫН ТІЛІ: 
 IELTS Academic – кемінде 6,0;          
 TOEFL IBT – кемінде 60;       
 TOEFL PBT – кемінде 498.    
 
 НЕМІС ТІЛІ: 
 DSH – Niveau С1/C1 деңгейі;  
 TestDaF-Prufung – NiveauC1/ C1 деңгейі.  
     
 ФРАНЦУЗ ТІЛІ: 
 TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес; 
 DELF – B2 деңгейі; 
 DALF – C1 деңгейі; 
 TCF  – кемінде 50 балл.
 КТ-ға тіркелу кезінде сертификаттың барын және балын белгілейсіз. Сертификаттары бар тұлғаларға білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде, сондай-ақ ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде 50 балл есептеледі.