IGILIKOV ALTAI

Студенттік құрылыс жасағы

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің студенттік құрылыс жасағы бойынша үйлестіруші Су шаруашылығы, экология және құрылыс факультетінің оқу-әдістемелік декан орынбасары, «Құрылыс және материалдар өндіру» кафедрасының аға оқытушысы, магистр – Игликов Алтайы Аманкулович.

Студенттік құрылыс жасақтары және көгалдандыру мен көріктендіруге бағытталған «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмыстарын ұйымдастыру - үш айлық еңбек маусымы кезінде студент-жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану және оларға жұмысқа орналасу мәселесін шешуге, адал еңбегімен қаражат табуға мүмкіндік беруге көзделген. 
2010 жылдан бері Елбасының бастамасын қолдау мақсатында осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуімен ерекшеленген Тараз мемлекеттік университетінің студенттік құрылыс жасақтары мен жетекшісі «Үздік үйлестіруші», «Үздік жасақ», «Үздік жауынгер», «Үздік командир» сынды номинациялар бойынша жеңімпаз атанып, биылғы жылдың еңбек маусымының қорытындысы бойынша да «Үздіктер» қатарынан көрінді. 
Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап, университет ректоратының тарапынан факультет студенттері, оның ішінде оқу төлемақысы бойынша әртүрлі жеңілдікпен қамтылған студенттер арасында жүргізілген үгіт-насихат жұмыстарының нәтижесінде, жазғы еңбек маусымында 140 студент қамтылған. Студенттік құрылыс жасақтары Тараз қаласындағы және Жуалы, Байзақ аудандарындағы құрылыс нысандарына жұмысқа тартылды. «Корпорация Азия Құрылыс», «Алматы Пром Тех Строй», «Арайстроймаркет -2003», «Бином», «Агроспецстрой», «ЖХСИ», «Таразстрой-2004», «Тараз құрылыс Дизайн», «Даража» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемелерімен келісімшарттар жасалынып, жалпы студенттік құрылыс жауынгерлеріне 9 мердігер компаниялар ауылдағы құрылыс нысандары 3 мезгіл ыстық тамақпен, жатар орынмен қамтамасыз етті, ал қалада орналасқан құрылыс нысандары 1 мезгіл түсте ыстық тағаммен қамтамасыз етті. 
Студенттік құрылыс жасағында, студенттердің алған айлығының жалпы көрсеткіші: 7104682 тг. Ең жоғарғы көрсеткіш («Таразстрой-2004» ЖШС) – 73 334 тг, ең төменгі («Бином» ЖШС) – 52 000 тг, орташа көрсеткіш – 62 500 тг.

«Жасыл Ел» студенттік еңбек жасағы

2018 жылы «Жасыл Ел» еңбек жасақтарында бірінші және екінші маусымында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен 31 студент жұмыс жасады. 

Студенттер Тараз қаласының мөлтек аудандарын, тазалау, абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарынмен айналысты. Жұмыс графигі Дүйсенбі-жұма күндері 6 сағаттық жұмыс күні. «Жасыл Ел» еңбек жасақтарында жұмыс жасаған студенттер зейнетақы аударымдарымен, салықтарын қосқан кезде 40 000 (қырық) мың теңге жалақы алды. 
Бірінші маусым 6 маусыммен 6 шілде аралығында өткізілді. Бірінші ауысымда жұмыс жасаған 27 студенттердің барлығы шілде айында өздерінің айлықтарын толығымен алды. 
Екінші маусым 10 шілде 10 тамыз аралығында жұмыстары жүргізілді. Екінші ауысымда жұмыс жасаған 4 студенттердің барлығы шілде айында өздерінің айлықтарын толығымен алды. 
Еңбек маусымы барысында студенттер арасында футболдан, волейболдан және кіші теннистен жарыстар, караокеден байқаулар, түрлі семинарлармен ойындар ұйымдастырылып, өткізілді.
Қазіргі таңда Тараз қаласында «Жасыл «Ел» еңбек жасақтарының үшінші еңбек маусымы жүзеге асырылуда. 
Үшінші маусымда еңбек жасақтарында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінен 50 студент жұмыс жасауда. Жұмыс аяқталысымен барлық студенттер өздерінің жалақыларын алатын болады.

Loading...

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 2015, 2016, 2017 және 2018 оқу жылдарында «Жасыл ел» еңбек жасағы және Студенттік құрылыс жасақтарына (СҚЖ) қамтылған студенттер саны.
1. «Жасыл ел» еңбек жасағы: 2015ж. – 60 студент. 2016 ж. – 83 студент. 2018ж. – 81 студент.
2. Студенттік құрылыс жасағы: 2015ж. – 181 студент. 2016ж. – 43 студент. 2017ж. – 78 студент. 2018ж. – 118 студент.

STUDENCHESKII STROITELNYI OTRYAD1М.Х.дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 2015, 2016, 2017 және 2018 оқу жылдарында «Жасыл ел» еңбек жасағы және Студенттік құрылыс жасақтарына (СҚЖ) қамтылған студенттердің айлық көрсеткіштері.

1. «Жасыл ел» еңбек жасағы: 2015ж. – 33000тг. 2016 ж. – 35000тг. 2018ж. – 40000тг.
2. Студенттік құрылыс жасағы: 2015ж. – 36000тг. 2016ж. – 46000тг. 2017ж. – 43700тг. 2018ж. – 60200 тг.

STUDENCHESKII STROITELNYI OTRYAD2

СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛЫС ЖАСАҚТАРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

СТУДЕНТТІК ҚҰРЫЛЫС ЖАСАҚТАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ ТУРАЛЫ

jasyl el osvr1

foto sso1

Top