Бокстан халықаралық турнир

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 113 оқу взводының студенті А.Р. Өмірбеков 2024 жылғы 1 мен 5 наурыз аралығында Атырау қаласында өткен Б.Б. Теміровке арналған ерлер арасындағы бокстан халықаралық турнирге қатысты. ІІ орын алып, дипломмен және медальмен марапатталды.

Толығырақ

Біліктілікті арттыру курсы

2024 жылғы 8 мен 22 қаңтар аралығында университет ректоры бекіткен жоспарға сәйкес М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының базасында әскери кафедраның оқытушылар құрамы «Әскери жоғары мектепте педагогикалық қызметті ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша онлайн форматта біліктілікті арттыру курстарынан сәтті өтті.

Курс аяқталғаннан кейін тыңдаушыларға сертификаттар берілді.

Толығырақ

Республикалық кикбоксинг турнирі

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 823 оқу взводының студенті С. Кенесқали 2023 жылғы 4 мен 10 желтоқсан аралығында Петропавл қаласында халықаралық дәрежедегі спорт шебері А. Нұрпейісовті еске алуға арналған ерлер арасындағы кикбоксингтен өткен  республикалық турнирге қатысты.

І орын алып, дипломмен, кубокпен және медальмен марапатталды.

Толығырақ

Аралас жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионаты

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 733 оқу взводының студенті Д.Черепенко Алматыда ММА аралас жекпе-жектен өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысып 2 орын алды, дипломмен және медальмен марапатталды.

2023 жылғы 24 мен 26 қараша аралығында Қарағанды қаласында өткен Пенчак Силлат аралас жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионатында 1 орын алып, дипломмен және медальмен марапатталды.

Толығырақ

Марапаттау

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының құрылғанына 60 жыл толуына орай әскери кафедра ұжымы ректордың атынан алғыс хаттармен марапатталды.

Толығырақ

Біліктілікті арттыру курстары

2023 жылғы 24 қазан мен 10 қараша аралығында оқытушы К.К. Дильдакулов және нұсқаушы-сержант С.А. Аяпбергенов «Цифрлық білім беру ресурстарын құру технологиясы» тақырыбында 36 сағат көлемінде біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

Толығырақ

Бокстан халықаралық турнир

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 113 оқу взводының студенті А.Р. Өмірбеков 2023 жылғы 7 мен 10 қараша аралығында Худжанд қаласында губернатор кубогына арналған ерлер арасындағы бокстан халықаралық турнирге қатысты.

ІІІ орынды иеленіп, дипломмен және медальмен марапатталды.

Толығырақ

Бокстан халықаралық турнир

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 113 оқу взводының студенті Е. Оразымбет 2023 жылғы 8 мен 13 қазан аралығында Шымкент қаласында өткен Кеңес Одағының батыры Қаракөз Абдалиевті еске алуға арналған бокстан ерлер арасындағы халықаралық турнирге қатысты. І орын алып, дипломмен және медальмен марапатталды.

Толығырақ

Республикалық турнирге іріктеу

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасының 412 оқу взводының студенті Сары Ж. Жамбыл облысында өткен республикалық турнирде «Жасбарыс» іріктеуіне қатысты.

 І орынға ие болып, диплом және медальмен марапатталды.

Толығырақ

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсы

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 832 оқу взводының студенті Берікбосын Ерасыл 2023 жылғы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары Республикалық байқауында «6В08601- Су ресурстары және суды пайдалану» білім беру бағдарламасы бойынша қатысып, үздік ғылыми-зерттеу жұмысы үшін дипломмен марапатталды.

Толығырақ

Бокстан халықаралық турнир

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасы 113 оқу взводының студенті А.Р. Өмірбеков 2023 жылғы 20-24 қыркүйек аралығында Қостанай қаласында КСРО мен ҚазССР еңбек сіңірген жаттықтырушыларын еске алуға арналған бокстан ерлер арасындағы халықаралық турнирге қатысты.

ІІІ орын иеленіп, дипломмен және медальмен марапатталды.

Толығырақ

Марапаттау

«Қарулы Күштері Ардагерлері» Жамбыл облыстық филиалының төрағасы, отставкадағы подполковник Р.Н. Тартықов әскери кафедра оқытушыларын студент жастармен тәрбие және әскери-патриоттық жұмыстарға қосқан үлесі үшін марапаттады:

  1. «Әскери-патриоттық тәрбиеге қосқан үлесі үшін» медалі - С.А. Мұқышев
  2. «Құрметті ардагер» төсбелгісі - М.Ф. Әлібеков, Ж.П. Наурызбаев, Н.Қ. Егізеков
Толығырақ

Біліктілікті арттыру

2023 жылғы сәуірдің 17 мен 27 аралығында М.С. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті Басқару, қауіпсіздік және арнайы бағдарламалар академиясының базасында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының аға оқытушысы, запастағы полковник Н. Егізеков «Әскери жоғары мектепте педагогикалық жұмысты ұйымдастыру» бағыты бойынша әскери кафедралардың профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру курсынан сәтті өтті.

Толығырақ

Алғыс хат

Әскерилендірілген эстафета

Әскери кафедра студенттері әскерилендірілген эстафетаға қатысқаны үшін: 422, 212 оқу взводтарының командасы - І дәрежелі дипломмен марапатталды, 732, 752, 512 оқу взводтарының командасы - II дәрежелі дипломмен марапатталды, 811 оқу взводының командасы -III дәрежелі диплом марапатталды.

Толығырақ

Спорттық самбодан Чемпионат

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 742 оқу взводының студенті Нұрмаханбетов Шокан 2023 жылғы 5 ақпан қүні аралығында Жамбыл облысы бойынша спорттық самбодан өткен чемпионатқа қатысты.

Жүлделі І орын алып, диплом және медальмен марапатталды.

Толығырақ

Құттықтау

Ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Д.Нұрмұханбет университеттің қыз-келіншектерін 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, әдіскер О.Грушко мен шебер Ж.Қосаеваға құрмет грамоталарын табыстады.

Толығырақ

Ақтау қаласындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының 712 оқу взводының студенті Айтқұлов Әміржан 2023 жылғы ақпанның 18 мен 22 аралығында Ақтау қаласында жауынгерлік самбодан өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына қатысты.

Жүлделі ІІІ орын алып, диплом және медальмен марапатталды.

Толығырақ