ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖӘНЕ РЕСЕЙЛІК ҒАЛЫМДАР КОЛЛАБОРАЦИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Ресей Федерациясының «Ғылым және технология жылы» аясында «Оқытудағы заманауи білім беру технологиялары» Халықаралық ғылыми-практикалық семинар ұйымдастырылды.

Халықаралық ғылыми-практикалық семинар Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің «Орыс тілі:оқытудағы заманауи білім беру технологиялары» және Қазақстанның М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде ҚР БҒМ тарапынан гранттық қаржыландыру есебінен жүргізіліп жатқан АР09259497«Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» тақырыбындағы коллаборациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асырылды.

Халықаралық ғылыми-практикалық семинарға Шадринск мемлекеттік педагогикалық университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Елизова Елена Ивановна және мәдениеттану ғылымдарының кандидаты, доцентЛанцевская Надежда Юрьевна және Қазақстанның танымал ғалымдары, жалпы орта білім беретін мектептің басшылары, әдіскер-мұғалімдер, болашақ педагогтер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

2

Семинар барысында «Білім берудегі инновациялар» тақырыбына шебер-сынып ұйымдастырылып, ақпараттық-коммуникациялық технология, сын тұрғысынан ойлау технологиясы, проблемалық оқыту технолоиясы , жобалау оқыту технолоиясы , денсаулықсақтау технолоиясы , ойынтехнолоиясы, модульдық технолоия, кейстехнолоиясы , ынтымақтастық педагогикасы,деңгейлеп оқыту технолоиясы , дебат-технолоиясы және интерактивті оқыту технолоясы жан-жақты сараланды.

Семинар аясында «Сабақтың әр кезеңіндегі заманауи интерактивті әдістер мен тәсілдер:инновациялық технологиялар» тақырыбына педагогикалық тренинг ұйымдастырылып орыс тілі пәні мысалында оқу процесіндеинновациялық технологияларды тиімді пайдаланудың жолдары зерделенді.

3

Халықаралық ғылыми-практикалық семинарда «Болашақтағы ЖОО» тақырыбындағы

жобалау техологиясын негізге алған форсайт-технологияның мәні жаңа мазмұнда ашылды.

Халықаралық ғылыми-практикалық семинар аясында ресейлік ғалымдарЕлизова Елена Ивановна және Ланцевская Надежда ЮрьевнаТараз қаласындағы жалпы орта білім беретін мектептердің дарынды оқушыларымен кездесіп, дебат ұйымдастырды.

Халықаралық ғылыми-практикалық семинарда ресейлік және отандық ғалымдар оқу процесіне инновациялық технологияларды ұтымды таңдау, ендіру және білім сапасын арттырудың тиімді жолдары бойынша іс-тәжірибе алмасты.

3

Халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысушыларға арнайы сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Қазақстандық және ресейлік ғалымдардың коллаборациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ұйымдастырылған тағылымы мол семинар креативті педагогтердің кәсіби біліктілігін арттыруға өз үлесін қосты.

Клара БУЗАУБАКОВА

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің

«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор

Прочитано 905 раз
Top