Қызметкерлер мен оқытушылар

Жасалған келісім-шарттарға сәйкес 2020-2021 оқу жылында қызметкерлер мен оқытушылар келесі шетелдік жоғары оқу орындарында сыртқы академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысты:

Аты-жөні

Іссапар мақсаты

Университет

1

Рахымбекова В.Х.

Халықаралық бөлім қызметкерлеріне арналған халықаралық апталыққа қатысу

Браганса политехникалық институты, Португалия

2

Рахымбекова В.Х.

Халықаралық апталыққа қатысу

Уэльва университеті, Испания

3

Исабекова Г.Б.

"Халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы үздік тәжірибелер" тақырыбында өткен халықаралық апталық

Эрасмус+ бағдарламасы бойынша 2014-2021 жылдарға арналған келісім аясында Браганса политехникалық институты (Португалия) мен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті арасында университетке 2022 жылғы 21-25 наурыз аралығында "халықаралық бөлім қызметкерлеріне арналған халықаралық апталыққа" қатысу үшін 1 орын бөлінді. Аталған апталыққа Дулати университетінен «Халықаралық ынтымақтастық орталығының» сектор жетекшісі Венера Рахымбекова қатысты. Іссапар барысында ол "Халықаралық ынтымақтастықты дамытудағы үздік тәжірибелер" атты халықаралық бірлескен семинарға қатысып, еуропалық жоғары оқу орындарынан келген қызметкерлерге Дулати университетінің презентациясын ұсынды, сондай-ақ 2022-2027 жылдарға арналған жаңа келісім-шартқа қол қою мүмкіндіктері қарастырылды.

"Халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырудағы икемді дағдылар" тақырыбында өткен халықаралық апталық

2022 жылғы 25-29 сәуірде Уэльва университеті (Испания) Эрасмус+бағдарламасы бойынша халықаралық апталық ұйымдастырды. Аталған іс-шараға 30 елден 63 қатысушы келді. Халықаралық апталық барысында испан тілі курстары ұйымдастырылды, бірлескен семинарлар мен тренингтер өтті, сондай-ақ шетелдік жоғары оқу орындарының арасында "Study abroad fair" атты білім жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Дулати университетінің атынан «Халықаралық ынтымақтастық орталығының» қызметкерлері Гүлнұр Исабекова мен Венера Рахымбекова шақырылды. "Study abroad fair" білім беру көрмесі барысында испандық және басқа да еуропалық жоғары оқу орындары арасында Дулати университетінің презентациясы ұсынылды. Сапар қорытындысы бойынша Дулати университетінің студенттеріне Уэльва университетінде оқу үшін 5 орын (күзгі семестрде 3 орын және көктемгі семестрде 2 орын) бөлінді. Сондай-ақ, Малага, Кастилья-Ла-Манча және Мурсия сияқты басқа испан университеттерімен ынтымақтастық орнатылды.

1

2

3

Top