«ӨНЕР ЖӘНЕ СПОРТ» ФАКУЛЬТЕТІ

Байланыс нөмірлері: 8 (7262) 51-00-66

Мекен-жайы: Тараз қ., Жамбыл даңғылы 16а

Факультет жайлы

«Өнер және спорт» факультеті - жастарға білім берумен қатар, белгілі дәрежеде спортшыларды, дизайнерлерді, суретшілерді, педагог-музыканттарды,көркем еңбек педагогтарын, ұйымдастырушы-педагог, театр актеры және режисер, эстрада әншілерін, хореографтарды, алғашқы әскер дайындық мұғалімдерін және құзырлы, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда елдік мүдде мен мақсаттарды жүзеге асырушы, қазіргі заман талабына сай жаңа тұрпатты педагогтар дайындайтын, жоғары деңгейдегі сапалы білім мен саналы тәрбие беретін факультеттердің бірі.

2006 жылдың тамыз айында педагогика факультетінің құрамынан бөлініп, өз алдына «Шығармашылық мамандықтар» факультеті болып құрылды.

2015 жылы факультет атауы «Өнер және мәдениет» болып өзгертілді. Қазіргі таңда 2021 жылдың қыркүйегінен бастап «Өнер және спорт» факультеті деп аталып, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Жаскиленова Айнұр Ермекқызы басқарады.

Қазіргі таңда факультетте 6 кафедра 15 ББ бағдарламасы бойынша бойынша мамандар дайындау жүзеге асырылуда, олар:

1) «Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасындағы БББ:

  • 6В01402 – «Музыка мұғалімдерін даярлау»;
  • 6В01403 – «Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау»;
  • 6В01408 – «Кәсіптік оқыту».

2) «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» кафедрасы бойынша БББ:

  • 6В01407 – «Бастапқы әскери дайындық және дене тәрбиесі мүғалімдерін даярлау»;
  • 6В01405 – «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау».

3) «Спорттық пәндердің әдістемесі» және «Дене шынықтыру және спорт теориясы» кафедралары бойынша БББ:

  • 6В01421 – «Білім саласындағы дене мәдениеттік-спорттық қызмет».

4) «Дизайн және сән индустриясы» кафедрасы бойынша БББ:

  • 6В02111 – «Сән дизайны»;
  • 6В02112 – «Жарнама дизайны»;
  • 6В02113 – «Интерьер дизайны»;
  • 6В07212 – «Киім индустриясы».

5) «Мәдениет және өнер» кафедрасы бойынша БББ:

  • 6В02101 – «Хореография».
  • 6В11115 – «Мәдени тынығу қызметі: театралдық қойылымдарды ұйымдастыру және режисурасы»;
  • 6В11116 – «Мәдени тынығу қызметі: бұқаралық қойылымдарды ұйымдастыру және вокалдық орындаушылық»;
  • 6В11117 – «Мәдени тынығу қызметі: бос уақытты ұйымдастыру және педагогикасы».

Факультеттің басты миссиясы — кәсіби-педагогикалық білім беру сатыларының сабақтастығы мен үзіліссіздігі принциптерін іске асыру мақсатында факультет бір бейімді білім беру мекемелерін мектепке дейінгі, мектептер, ЖОО, педагог-кадрларды қайта даярлау және біліктілігін көтеру мекемелері біріктіретін кешендерді жинастыруды мақсат тұтады.

Факультет ғылыми-педагогикалық кадрлармен, жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген. Профессороқытушылар құрамында - ғылым докторы, профессор, доценттер, ғылым кандидаттары, ҚР Халық әртісі, ҚР Өнер қайраткерлері, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткерлері, ҚР Суретшілер Одағының мүшелері, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР спорт шеберлері бар.

Деканат
НУРПЕИСОВ МУХАМЕТЖАН КЕНЖЕТАЕВИЧ

Факультет деканы

педагогика ғылымдарының магистрі

Байланыс телефоны: 8-775-937-5687

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Жамбыл даңғылы 16А, 5.4-206


СЕЙТҚАСЫМ АЙБЕК МАКСИМҰЛЫ

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасары

т.ғ. магистрі

Байланыс телефоны: 8 (7262) 51-00-66

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Жамбыл даңғылы 16А, 5.4-206


КОШКИНБАЕВА НУРГУЛЬ РЫСПАЕВНА

Ғылыми зерттеу жұмыстары жөніндегі декан орынбасары

PhD доктор

Ұялы телефоны: 8-777-970-8443

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Жамбыл даңғылы 16А, 5.4-206


БЕКБЕРГЕНОВА ЖАНАР ЕШЕНАЛИВНА

Тарбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары

Педагогика және психология магистрі

Байланыс телефоны: 8 7262 51-00-66

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Жамбыл даңғылы, 16А 5.4.211


ДЖЫЛЫСБАЕВ ДАСТАН БОЛАТҰЛЫ

Өнер және спорт факультетінің кәсіподақ жетекшісі

Ұялы телефоны: 8-707-213-12-07

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қаласы Төле би 60. 2.4. 302

Материалдық-техникалық базасы

Өнер және спорт факультетінің білім беру бағдарламаларын дайындау үшін барлық оқу процесіне қажетті оқу-материалдарымен қамтамасыз етілген. Факультеттің ғимараттары санитарлық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Оқу аудиториялары, лабораториялық базалар, оқу кабинеттері, жатақхана және басқа да орындар, спорттық кешендер бекітілген нормалар мен тәртәпке сай. Факультетте  7 оқу ғимараты, 3 жатақхана,  спорт залдар,  арнайы аудиториялар бар.

Білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасы жаңарту және жетілдіру мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

Факультетте 21 компьютерлік класс, 2 лингофон кабинеті және 2 электронды оқу залы бар. Сондай-ақ 47 заманауи интерактивті проектор және 7 мобильді LED жүйемен жабдықталған.

Факультет базасында 1 стадион, 5 спорт зал, 8 ойын алаңдары, 2 гимнастика залы, 2 бокс залы, 3 тренажер залы, 2 күрес залы, 2 үстел теннис залы, 1 Стрит Варкаут алаңы, 1 Каратэ залы, 1 «Гамбит» шахмат клубы бар. Осы университеттің спорттық базаларында спорттың 15 түрінен 39 спорттық үйірмелер жұмыс атқарып келеді.

Факультет жетістігі

Жаскиленова Айнур Ермековна техника ғылымдарының кандидаты, доцент м.а. 2021 жылы қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды.

Кошкинбаева Нургуль  Рысбаевна PhD 6D012000 «Кәсіптік оқыту»  «Көркем шығармашылық бағыттағы болашақ  педагогтарын бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру» М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде бітірді.

Махамбетов Ерик Оралбекович PhD 7D01517 Биология «Болашақ дене шынықтыру мұғалімдерінің анатомиялық білімдерін кәсіби қызметінде қолдану құзіреттілігі». Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінде  бітірді.

Кудериев Жәнібек Қалбекұлы «Спортнаттың теориясы мен әдістемесі ғылым», «Ұлттық ойындардың әлеуметтік-педагогикалық рөлі» Васил Левски ұлттық спорт академиясында PhD қорғап бітірді.

11-12.04.2019ж В16ТПТМ-1 тобының студенттері Асанова Жанар, Абдигаппарова Асима, пәндік олимпиада (команда бойынша) 3 орын алды. жетекші Таттибаева  Г.Б.

2020 жылдың 12-13 наурызында Алматы қаласында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының халықаралық білім беру корпорациясының ұйымдастыруымен өткен Республикалық пәндік олимпиадаға "Графикалық дизайн" және "костюм дизайны" мамандықтарының 3,4 курс студенттері мен "ТКИЛП және дизайн" кафедрасының аға оқытушысы А. М.Мукаеваның жетекшілігімен қатысты.

«Дулати жастары» студенттік халық театры ХІ Республикалық пәндік олимпиада - I орын.

«Дулати жастары» студенттік халық театры ХІ Республикалық пәндік олимпиада «Этюд» номинациясы бойынша II орын.

«Дулати жастары» студенттік халық театры – Облыстық фестиваль «Театр KZ» I орын.

«Дулати жастары» студенттік халық театры Х Республикалық пәндік олимпиада - II орын.

«Дулати жастары» студенттік халық театры Х Республикалық пәндік олимпиада -III орын.

«Дулати жастары» студенттік халық театры Х Республикалық пәндік олимпиадада «Көрікті сахна костюмі» номинациясын иеленді.

«Мәдениет жігіттері» КТК студенттік командасы – Жамбыл облысы әкімінің облыстық жазғы кубогында II орын.

Студент Әсетова Эльдана Республикалық MusicFestival байқауында бас жүлде.

Студент Боранбек Елдар «Дін – ғылымның анасы» Республикалық ақындар байқауында I орын.

Студент Боранбаев Әлішер MusicFestival Республикалық байқауында I орын.

Студент Кемалов Сүйеніш Республикалық Music Festival байқауында II орын.

Студент Ермахан Оңғарбеков – «Біз іздеген таланттар» республикалық байқауында бас жүлде.

Студент Ермахан Оңғарбеков «Тәуелсіз елдің ұланы» Республикалық өнер байқауында бас жүлде.

Студент Русалина Пряхина Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтан Алғыс хат алды.

Студент Анел Қозайыр Нұрсұлтан қаласында өткен республикалық «Үміт» студенттік көркем өнерпаздар театрларының фестивалінде «Үздік әйел адам бейнесі» номинациясы бойынша диплом алды.

Түлектерімізбен мақтанамыз

Нұрлан Сәкенұлы Ақүрпеков бокстан спорт шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық Д. Шопоков турнирінің жеңімпазы (1994 ж.), КСРО-ның қарулы күштерінің біріншілігінің жеңімпазы (1986 ж.). М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Құрметті профессоры»,бокстан ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, ҚР дене шынықтыру және спорт Құрметті қайраткері. Нұрлан Ақүрпеков бокспен 1983–1994 жылдар аралығында шұғылданған. 1992 жылдан бері Тараз қаласындағы Гидромелиоративті институтында жатықтырушылықпен айналысады.

Нұрлан Ақүрпеков Афинада өткен Олимпиада чемпионы, Баркер кубогының иегері, Қазақстанның жеті дүркін чемпионы - Бақтияр Артаевтың жеке бапкері. Нұрлан Сакенұлы басқа да топ жарып жүрген спортшылардың жаттықтырушысы, олар Олжас Сәттібаев, Ғани Жайлауов, Әбілхан Аманқұл. Қазіргі таңда «Астана-Арланс» кәсіпқой бокс клубының бас жаттықтырушысы болған.

Серік Керімбекұлы Қонақбаев - Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері (1980), КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1981), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (1982), екі дүркін Еуропа чемпионатының жеңімпазы (1979, 1981), Кеңес Одағының 2 дүркін чемпионы. Халықаралық әуесқой бокс ассоциациясы (AIBA) атқарушы комиететінің мүшесі (2010-2014), Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің II және IV шақырылымдарының депутаты (1999 - 2011), Қазақстан бокс федерациясының төрешілер корпусымен жұмысы жөніндегі вице-президенті.

Қрықпай Ғалымжан – М.Х. Дулати атындағы ТарМУ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 3- курс студенті. Дзю-до күресінен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. ҚР ЖОО студенттерінің ІХ- жазғы универсиадасының қола жүлдегері (2017 ж.). Республикалық «Халық Барысы» турнирінің қола жүлдегері(2019 ж.). . ҚР ЖОО студенттерінің Х- жазғы универсиадасының қола жеңімпазы. Италияның Наполи қаласында өткен ХХХ-жазғы Бүкіләлемдік универсиадасының, абсолюттік біріншілікте жеңімпазы (2019 ж.).. ҚР Қазақ күресінен күрес клубтары арасындағы алғашқы чемпионатының жеңімпазы (2019 ж.).

Жапаров Руслан – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің түлегі. Таеквондодан ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері. ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесіРио-Де-Жанейрода өткен олимпиадасына қатысушысы. Рио-Де-Жанейрода өткен олимпиадасының ҚР туын ұстаушы (2016ж.). Азия чемпионатының күміс жүлдегері ( Хо-ши-мин 2018 ж.). Азия ойындарының қола жүлдегері (Индонезия 2018ж.)

Әбілхан Бекмұратұлы Аманқұл - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің В16 ФКС тобының студенті. Бокстан ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, ҚР чемпионатының жеңімпазы (Павлодар қаласы 2017ж.), Азия чемпионатының жеңімпазы (Ташкент 2017 ж.), Әлем чемпионатының күміс жүлдегері (Гамбург 2017 ж.), (2017 жылы Гамбургте өткен Әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2017 Әуесқой бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері. «Астана-Арланс» кәсіпқой бокс клубының мүшесі, Бүкіләлемдік WSB бокс сериясының жеңімпазы (2017ж). XVIII – Азия ойындарының күміс жүлдегері (Индонезия 2018 ж.). Токио 2020 олимпиада ойындарының қатысушысы.

Шымбергенов Асланбек – М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің В15 ЮП тобының студенті. ҚР спорт шебері. Бокстан ҚР құрамасының мүшесі. Азия чемпионатының қола жүлдегері (Ташкент 2017 ж.), ҚР чемпионатының жеңімпазы (Шымкент 2017 ж.), ҚР үздік боксшысы – 2017 ж., «Астана-Арланс» кәсіпқой бокс клубының мүшесі, Бүкіләлемдік WSB бокс сериясының жеңімпазы (2017ж). XVIII – Азия ойындарының күміс жүлдегері (Индонезия 2018 ж.).

Ысқақ Елдос - М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Заң факультетінің» студенті. Таеквондодан ҚР ересектер құрама командасының мүшесі. VII-Унитверсиадасының жеңімпазы (2013 ж.). VIII-Унитверсиадасының жеңімпазы (2015 ж.). ҚР IX-Унитверсиадасының 1-ші орын иегері (2017 ж.). Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы. Азия ойындарына қатысушы (Индонезхия 2018ж.) ҚР спартакиадасының жеңімпазы (2019 ж.).

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Өнер және спорт факультетінің ғылыми-зерттеу жұмыстары «Музыка және қолданбалы өнер», «Дизайн және сән индустриясы», «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі», «Дене шынықтырудың теориясы», «Дене шынықтырудың әдістемесі», «Мәдениет және өнер» салалары бойынша заман талабына сай бәсекеге қабілетті мамандар дайындап, өнер, мәдениет, білім және спортпен ғылымды ұштастырып, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдары саласында іргелі, зерттеу және қолданбалы жұмыстарды жүзеге асыруға, шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған.

Факультеттің ҒЗЖ өз алаңында белсенді ПОҚ және зерттеуге, жобалық қызметке дайын талантты жастарды  біріктіреді. Соңғы жылдары факультеттің ПОҚ ғылыми еңбектері арта түсуде. ПОҚ және студенттерінің ғылыми мақалалары Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің бекіткен ғылыми журналдарында және көптеген халықаралық рецензияланған ғылыми журналдарда жарық көруде.

Оқу-әдістемелік жұмыстар

Әдістемелік жұмыс – бұл өндірістік үдерісті оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз етуге, оқытушыларды педагогикалық шеберліктерін арттыруға, оқушылардың сыныптық және өзіндік жұмыстарын жетілдіруге, өндірістік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жағдайы мен даму перспективаларын ескере отырып, оқу жұмысының барлық формаларын, түрлері мен әдістерін жетілдіруге бағытталған шаралар кешені, ол үшін университет мамандарды дайындайды.

Әдістемелік жұмыстың мақсаты – оқу процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруға қолайлы жағдайлар жасау. Факультет деңгейінде факультеттің бағыттары бойынша мамандар дайындауға байланысты факультеттің әдістемелік қызметі және кафедра аралық ауқымы жүзеге асырылады.

Оқу-әдістемелік жұмыс пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге, оқу үдерісін тікелей әдістемелік қамтамасыз етуге, ҒӘБ енгізу нәтижесінде әзірленген ұсыныстарды енгізуге, оқытушылар құрамының педагогикалық біліктілігін арттыруға бағытталған және мыналарды қамтиды:

  • мамандарды даярлау бағыттары бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
  • жаңадан енгізілген пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларын құру, қолданыстағы бағдарламаларды қайта қарау;
  • жаңа зертханалық жұмыстарды құру және жаңарту;
  • студенттердіңбілімінбақылауғаарналғаноқуматериалдарынәзірлеу;
  • пәндерді оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттермен, оқу-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету карталарын құру;
  • кафедра меңгерушілерінің сабақты бақылауы: сабаққаөзара бару, демонстрациялық, ашық және сынақ сабақтарына қатысу;
  • оқу үдерісіне қажетті оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу;
  • өндірістік практиканы әдістемелік қолдау, олар үшін жеке тапсырмалар пакетін әзірлеу;
  • ғылыми-әдістемелік зерттеулердің нәтижелерін, жаңа ақпараттық оқыту технологияларын оқу процесіне енгізу;
  • студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік қолдау дайындау.
Тәрбие жұмыстары

Өнер және спорт  факультетінде тәрбие үрдісінің түрлі бағыттары бойынша көптеген мәдени-көпшілік іс-шаралар атқарылады. Студентерге арналып түрлі тақырыптағы ғылыми-практикалық конференциялар; жастар акциялары; флеш-мобтар, дөңгелек үстелдер; түрлі шығармашылық жанрдағы байқаулар (ән-би байқаулары, жатақхана бөлмесінің үздік безендірілген үлгісі, студенттік үздік тағам, т.б.); спорттық жарыстар, спартакиадалар; балалар үйіне, мүгедек балалар үйіне, қарттар үйіне қамқорлық акциялары; көрнекті қоғам және саясат қайраткерлерімен, құқық қорғау органдары өкілдерімен, денсаулық сақтау органдары және түрлі діни конфессиялар өкілдерімен, телеарна және республикалық, облыстық бұқаралық баспасөз тілшілерімен, жазушылармен, әртістермен және т.б. кездесулер ұйымдастырылып отырылады.

Факультеттің тәрбие жұмысының жоспары университетіміздің 2020-2021 оқу жылына арналған тәрбиелік жұмыс жоспарының негізінде құрастырылып, бекітілді.

Факультетте жалпы 2532 студент білім алады. Оның ішінде:

1 – ші курста – 881 студент;

2 - ші курста – 680 студент;

3 - ші курста – 467 студент;

4 - ші курста – 481 студент;

5 – ші курста – 23 студент.

Олардың ішінде шетелден келіп оқитын студенттер: 88

- Түркменстаннан келіп оқитындар бойынша 69 студент;

- Өзбекстаннан келіп оқитындар бойынша 11 студент;

- Қытай Халық Республикасынан келіп оқитын 8 студент

Жалпы академиялық топтар саны –145; Жалпы кураторлар саны – 90

Факультеттің тәрбие жұмысының мақсаты: - жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті мамандарды даярлап, олардың бойында қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны қалыптастыру.

Оқу ордасында студент жастарды біліміне білігі сай, нарықтық кезең өзгерістеріне бейімделе алатын, ұлт тағдыры мен болашағына бей-жай қарамайтын, отан сүйгіш және елжанды етіп тәрбиелеу мақсатында «М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ тәрбие жұмысының тұжырымдамасы» қабылданды. Сол тұжырымдама негізінде әр оқу жылына арналған тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі 12 бағыттан тұратын жылдық жұмыс жоспары әзірленген. Тәрбие жұмысының жоспары университеттегі тәрбие жұмысы жүйесінің стратегиялық құрылымын, басым бағыттары мен мақсатын, іске асырылу тетігі мен мерзімін белгілейді.

Тәрбие жұмыстарының негізгі функциялары:

  • Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің нормативті-құқықтық актілері мен өкімдік құжаттарына, халықаралық және республикалық сапа стандарттарына, Университет Жарғысына сәйкес тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;
  • жоспарлардың тұжырымдамаларын және т.б., тәрбие үрдісі бойынша құжаттарды әзірлеу, бекіту, олардың орындалуын бақылау;
  • Академиялық топ кураторларының және факультеттің студенттік қоғамдық ұйымдардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы іс-шаралардың орындалуын және есептерін қарау;
  • Факультеттің, кафедралардың, студенттік қоғамдық ұйымдардың тәрбие жұмыстары бойынша жоспарлар мен есептердің сапасын тексеруді жүзеге асыру, олардың нақты орындалуы;
  • Кураторлар кеңесінің, Факультеттің тәрбие жұмыстары жөніндегі кеңестің, құқық бұзушылықтың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп бойынша кеңестің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
  • Студенттің жеке дамуына қолайлы жағдай жасауға және рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуына ықпал ету;
  • Факультеттің тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Тәрбие жұмыстары 12 бағыт бойынша жүргізеледі:

  1. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар;
  2. Жастар саясаты;
  3. Азаматтық – патриоттық тәрбие;
  4. Әскери – патриоттық тәрбие;
  5. Рухани – адамгершілік тәрбие;
  6. Құқықтық тәрбие;
  7. Студенттердің шығармашылығын дамыту;
  8. Дене тәрбиесі;
  9. Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  10. Кәсіби еңбек тәрбиесі;
  11. Кураторлық жұмыс;
  12. Студенттік жатақхана жұмысы.
Top