«ЖАСТАРДЫ ҚОҒАМДАҒЫ ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЫҚПАЛЫНАН САҚТАУ ЖОЛДАРЫ»

11.11.2022ж. күні «Ұстаз» институтына қарасты «Физика және ІТ»,  «Әлем тілдері» кафедралары  Дінтану орталығымен өзара бірлесе отырып,  «Физика» және «Шет тілдері» мамандықтарының 1 курс студенттеріне діни экстремизм көріністерін алдын-алу мақсатында кездесу ұйымдастырды. Кездесуде Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде қатысып, жастарға ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды таныстырып өтті. Сонымен қатар зайырлы қоғамда өскен ұрпақ теріс діни сенімдердің торына байланбай, әр нәрсеге сыншыл санамен қарайтын, жан-жақты білім алуға ұмтылған және де өзге дін өкілдеріне құрметпен қарайтын азамат болып өсуі тиіс екендігі туралы айтылды. Студенттер діни сауаттылыққа байланысты өз сұрақтарын қойып, ғылыми бағытта жауаптар берілді.

«Физика және ІТ» кафедрасының кураторлары А.С.Сембиева, З.Д.Айдаралиева. «Физика» мамандығынан 40 студент қатысты.

«Әлем тілдері» кафедрасының кураторлары  Д.Л.Райымбекова,  Р.И. Атам. ШТ-22-5 тобынан 25 студент және ШТ-22-7 тобынан 20 студент қатысты. Барлығы 85 студент қамтылды.

image003

image005

Top