СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

2022 жылдың 30-қыркүйекте «Экономика және құқық» факультетіне қарасты «Қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қаржы», «Бухгалтерлік есеп» мамандықтарының 1-курс студенттеріне «Студент жастардың діни сауаттылығын қалыптастырудың маңыздылығы» тақырыбында кездесу өтілді. Аталған кездесуге университет құрамындағы Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев шақырылып, ҚР дін саласындағы мемлекеттік саясатын жүзеге асыру жөніндегі 2021-2023 кешенді жоспарға сәйкес,  деструктивті діни ағымдардың қауіп-қатерінен сақтану үшін жастардың бойында діни сауаттылық жоғары деңгейде болу қажеттілігі айтылды. Сонымен қатар, іс-шараның соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасын тапты.

 image001

image003

Top