СТУДЕНТ ЖАСТАРДЫ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ЫҚПАЛЫНАН ҚОРҒАУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

2022 жылдың 20-қыркүйек күні «Өнер және спорт» факультетінің ұйымдастырумен 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның «Қоғамда радикалдық көріністерге мүлдем төзбеушілікті және радикалдық идеологияға қарсы рухани иммунитетті қалыптастыруға бағытталған діни экстремизм мен терроризмнің профилактикасы шараларын жетілдіру» бағытына сәйкес дінтанушы мамандарды тарта отырып, жастардың жат ағымдарға қарсы рухани иммунитеттерін қалыптастыру өзекті мәслеленің бірі.  Осыған байланысты Тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментіне қарасты Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы Алпысбаев Б.Қ. қатысып, студент жастарға университеттің ішкі тәртіп Ережесі, студенттерге арналған Ар-намыс кодексін сақтау және қоғамдағы деструктивті діни идеологияның қауіп қатерін алдын-алу бағыттары бойынша көптеген мәліметтерді жеткізді. Іс-шара барысында студенттер тарапынан діни мазмұнда көптеген сұрақтар қойылып, оларға құқықтық және дінтанулық бағытта жауаптар берілді.  Барлығы қатысқан студенттер саны – 80.

image001

image003

Top