Версия для печати

Дулати университетінде – Жастар FEST 2025 салтанаты өтті

Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз университетінде жастардың шығармашылығы мен өнерін дәріптеген Жастар FEST 2025 мерекелік шарасы жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Кештің ашылуында университеттің Басқарма мүшесі - академиялық мәселелер жөніндегі проректор Еркінбаева Ләззат сөз сөйлеп, студенттер қауымын мерекемен құттықтады. Ол жастардың белсенділігі мен бастамашылдығын атап өтті.

Салтанатты бөліктің басты кезеңі марапаттау рәсімі өткізіліп, марапатқа ие болған үздік студенттер сахнаға шақырылды. Сахнада айтылған құттықтау сөздерде әрбір студенттің еңбегі, талпынысы мен жетістігі ерекше атап өтілді. Бұл күні марапат алған барлық студенттің еңбегі бағаланып, зал толы қошемет көрсетілді.

Салтанатты бөлімнен кейін кеш рухты көтеретін әрі мерекелік атмосфераны күшейткен ауқымды музыкалық бағдарламаға ұласты. Университеттің өнерлі жастары көрермендерге түрлі жанрдағы қойылымдарын ұсынды. Алғаш болып «Дулати серілері» тобы «Жаса Қазақ» әнімен сахнаның шымылдығын ашты. Одан кейін «НАЗ Қоңыр» вокалдық квартеті «Шаң қыздар» әнін орындап, ұлттық нақыштағы әуезді әнмен көрермен ықыласына бөленді. Сахна төрінде заманауи билер орындалып, көрерменнен үлкен қолдау алды. Концерттік бағдарламадағы барлық өнер кештің ажарын аша түсіп, көрерменді ерекше музыка әлеміне де жетеледі.

Жастар FEST 2025 — бір күндік шара ғана емес, Дулати университетінің жастарының дарындылығы мен бірлігінің айқын көрінісі болды. Бұл кеште әр студент өз қабілетін паш етіп қана қоймай, университеттің ортақ рухын, жастықтың жалынды энергиясын сездірді.

фест11111

фест2222

фест3333

фест44444

фест5555

фест66666

фест77777

 

Прочитано 52 раз