Версия для печати

Дулати университеті QS Eurasia Forum 2025 аясында халықаралық байланыстарын кеңейтті

Ташкент қаласында өткен халықаралық QS Eurasia Forum 2025 білім беру саласының министрлерін, елшілерін, жетекші университеттердің басшыларын және Еуразия аймағының жоғары білім беру саласындағы сарапшыларын бір алаңға жинады. «Broadening Horizons: Building Global Bridges in Higher Education» тақырыбымен өткен форум халықаралық әріптестікті кеңейту мен жаһандық білім беру байланыстарын нығайту мәселелеріне арналды.

Форумның ашылуында QS компаниясының Президенті және директорлар кеңесінің төрағасы Нунцио Куакуарелли, Central Asian University негізін қалаушы Джахонгир Артикходжаев және Ұлыбританияның Өзбекстандағы Елшісі Тимоти Смарт құттықтау сөз сөйлеп, Еуразияның жаһандық білім беру кеңістігіндегі рөлі артып келе жатқанын атап өтті.

Ministerial Keynotes секциясында Өзбекстан Республикасы Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрінің бірінші орынбасары Сардор Раджабов, Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, сондай-ақ Әзербайжан Республикасының ғылым және білім министрі Эмин Амруллаев сөз сөйлеп, трансшекаралық әріптестіктің маңызын, университеттерді жаңғырту және үздік халықаралық тәжірибемен алмасудың өзектілігін атап өтті.

Форумда Дулати университетін стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Есимова Шолпан Алтынбекқызы таныстырып, негізгі сессиялар мен халықаралық пікірталастарға қатысты. Ол университеттің стратегиялық бастамаларын ілгерілетуге, жаңа серіктестік байланыстар орнатуға және халықаралық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған пікір алмасулар жүргізді.

Дулати университеті QS World University Rankings, аймақтық QS рейтингтері және Тұрақты даму мақсаттары (UN SDGs) бойынша бағалау үдерістеріне белсенді қатысып келеді. Халықаралық сараптаманың нәтижесінде университет QS Stars марапатына ие болып, білім беру сапасы, тұрақты даму және халықаралық ашықтық бағыттарындағы жоғары көрсеткіштерін дәлелдеді.

QS Eurasia Forum 2025-ке қатысу Дулати университеті үшін жаһандық байланыстарды кеңейту, жаңа ынтымақтастық форматын дамыту және халықаралық тәжірибе алмасу жолындағы маңызды қадам болды.

нов коооооооз

фор2222

фор3333

фор44444

фор5555

фор6666

фор77777

фор8888

 

 

 

Прочитано 33 раз