Версия для печати

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІ – TIMES HIGHER EDUCATION INTERDISCIPLINARY SCIENCE RANKING (ISR) 2026 РЕЙТИНГІНДЕ «REPORTER» МӘРТЕБЕСІН ИЕЛЕНДІ

М.Х.Дулати атындағы Таразуниверситеті халықаралық ғылыми-академиялық кеңістікте өз орнын нықтай түсуде. Әлемдік беделге ие Times Higher Education (THE) ұйымы мен Schmidt Science Fellows бағдарламасының бірлескен Interdisciplinary Science Ranking (ISR 2026) бағалау нәтижелері бойынша, университетіміз «Reporter» мәртебесіне ие болды.

Бұл мәртебе – университет ұжымының халықаралық ғылыми қоғамдастықтағы белсенділігін, сапалы деректер ұсынудағы жауапкершілігін және жоғары академиялық мәдениетін айқындайтын маңызды көрсеткіш.

2026 жылғы ISR бағалауына әлемнің 92 елінен 749 жоғары оқу орны қатысты. Оның ішінде Азия аймағынан – 370 университет, ал 15 Азиялық мемлекеттің 47 жоғары оқу орны үздік ТОП 100 қатарынан орын алды. Осындай беделді халықаралық бағалауға қатысу – Дулати университетінің ғылыми әлеуетінің, пәнаралық зерттеу бағытының және халықаралық әріптестік байланыстарының қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдейді.

Times Higher Education (THE) – әлемдік деңгейдегі университеттердің білім беру, зерттеу, инновация және халықаралық ынтымақтастық салаларындағы қызметін бағалайтын ең беделді агенттіктердің бірі.

Interdisciplinary Science Ranking (ISR) – THE рейтингтер жүйесіндегі жаңа бағыттардың бірі. Бұл бағдарлама университеттердің пәнаралық зерттеу белсенділігін және ғылыми нәтижелердің қоғамға ықпалын бағалауға бағытталған. Бағалау келесі негізгі критерийлер бойынша жүргізіледі:

  • Ғылыми нәтижелілік– халықаралық мәліметтер базаларында (Scopus, Web of Science, Dimensions) жарияланған еңбектер мен дәйексөздер саны.
  • Пәнаралық зерттеулер– факультеттер мен ғылыми топтар арасындағы өзара әрекеттестік деңгейі.
  • Интернационализация– халықаралық серіктестермен, шетелдік ғалымдармен және бірлескен жобалармен ынтымақтастық.
  • Қоғамға әсер ету– зерттеу нәтижелерінің практикалық және әлеуметтік маңыздылығы.
  • Инновациялық белсенділік – гранттар, патенттер және стартап-жобалардағы белсенділік.

Дулати университеттің ISR рейтингіне қатысуы – тек деректер ұсыну емес, сонымен қатар жоғарыда аталған бағыттар бойынша жүйелі дамуға бет алғанын білдіреді.
THE ұйымымен бірлесе жүргізілген бағалау құрылымында пәнаралық ынтымақтастық, инновациялық бастамалар және әлеуметтік маңызы бар зерттеулер ерекше назарға алынды. Дулати университетінің осы бағдарлама аясында ұсынған сапалы мәліметтері мен зерттеу нәтижелері – оқу орнының стратегиялық бағытының заманауи ғылыми трендтермен толық үйлесімді екенін дәлелдейді.

«Reporter» мәртебесінің маңызы:

«Reporter» мәртебесін иелену – Дулати университеті үшін халықаралық деңгейде жаңа мүмкіндіктердің есігін ашады. Бұл мәртебе:

  • · шетелдік серіктестермен ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге,
  • · халықаралық гранттық жобаларға қатысуға,
  • · университеттің жаһандық көрінісін арттыруға жол ашады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Times Higher Education ISR 2026 рейтингіне «Reporter» мәртебесімен енуі – университет ұжымының табанды еңбегінің және ғылыми-инновациялық бағыттағы сенімді қадамының айқын көрінісі.

Бұл жетістік – Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің халықаралық беделін арттыруға қосылған үлес әрі еліміздің академиялық кеңістігінің жаһандық ғылыммен терең ықпалдасуының дәлелі болып табылады.

Прочитано 45 раз