Версия для печати

Дулати университеті және тұрақты даму: QS Sustainability Rankings 2026 аясындағы жаңа жетістік

 

Жоғары білім саласындағы беделді халықаралық агенттік QS Quacquarelli Symonds жариялаған QS World University Rankings: Sustainability 2026 нәтижелеріне сәйкес, М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті әлемдік тұрақты даму рейтингінде 1501+ орынға тұрақтады.

QS Тұрақты даму рейтингінде әлемнің 108 мемлекетінен 1994 университет қамтылған. Соның ішінде, Орта Азия өңірі бойынша 827 университет арасынан 582 орын,  ал Қазақстан Республикасынан 23 университет арасынан рейтингте 15 орынды иеленді.

QS Sustainability рейтингінің негізгі өлшемдерінің бірі — Тұрақты даму мақсаттарына қатысты ғылыми зерттеулердің, соның ішінде қоршаған орта бағытындағы ғылыми зерттеулердің сапасы мен ықпалы.

QS Sustainability Rankings рейтингінің категориялары мен индикаторлары бойынша Орталық Азия елдерінің бірқатар жоғары оқу орындары ТОП-700 қатарына енді. Бұл аймақ университеттерінің тұрақты даму саласында әлемдік талаптарға жақындай түскенін көрсетеді. Осы санаттар аясында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің көрсеткіштері де  назар аударарлық. Университет тұрақты даму бағыттарының бірнеше компоненті бойынша халықаралық өлшемдерге сәйкес бағаланып, тұрақты даму саласында әлеуетті және өсімге бағытталған төмендегідей нәтижелер көрсетті:

  • · Қоршаған ортаға әсер:1251+
  • · Әлеуметтік әсер:1251+
  • · Басқару: 653.

Бұл нәтижелер университеттің тұрақты даму қағидаттарын ғылыми-зерттеу, білім беру, әлеуметтік жауапкершілік және басқару сияқты негізгі салаларға жүйелі түрде енгізіп отырғанын көрсетеді.  

Дулати университетінің QS Sustainability 2026 рейтингінде 1501+орыннан көрінуі  – университеттің тұрақты даму қағидаттарына адалдығын, ғылыми және институционалдық әлеуетінің күшейгенін көрсететін маңызды халықаралық мойындау. Бұл жетістік университетті Қазақстандағы жетекші экологиялық және әлеуметтік жауапты жоғары оқу орындарының қатарына нық орналастырып, болашақтағы жаңа ғылыми серпілістерге жол ашады.

рей11111

рей2222

рей3333

рей4444

 

Прочитано 62 раз