Эстония Президенті Алар Каристің Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары аясында Қазақстан мен Эстонияның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы жетекші ұйымдарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Форумды Эстония Президенті ашып, жаһандық өзгерістер жағдайында білім берудің маңызды рөліне тоқталды. Форум жұмысына ҚР Ғылым и жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, вице-министр Гүлзат Көбенова, Эстония Білім және зерттеу министрлігінің вице-министрі Райво Вьенталь қатысты. Эстония Президентімен ресми делегация құрамында Қазақстанға жетекші университет ректорлары келді. Дулати университетінен форумға Басқарма Төрағасы – Ректор Мұхтар Байжұманов қатысты.
Кездесу барысында шақырылған сарапшы – екітілді және көптілді білім беру, білім беру жүйелерін реформалау және адами капиталды дамыту саласындағы танымал эстон зерттеушісі Пеэтер Мехисто дәріс оқыды. Ол жоғары білім беру саласында кадр даярлаудың озық тәжірибелерімен бөлісу мақсатында «Estonia's PISA Success Story: Key Investments» тақырыбында баяндама жасады.
Талқылау барысында жоғары білім беру саласындағы саясат бағыттары, институционалдық стратегиялар, ортақ сын-тегеуріндер, оқыту мен оқудағы инновациялық және бірлескен тәсілдер, бірлескен ғылыми орталықтар мен зертханалар құру мәселелері қарастырылды. Цифрландыруды дамыту және жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізу бағытындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Форум екіжақты құжаттарға қол қою рәсімімен аяқталды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Эстония жоғары оқу орындары өзара байланыстарды нығайту, бірлескен ғылыми жобалар мен инновациялық бастамаларды дамытуға қызығушылық білдірді.




