Тараз қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөліміне қарасты Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 17 қараша — Халықаралық студенттер күні қарсаңында «Жыл үздіктері» марапаттау кеші өтті.
Іс-шара мақсаты — бір жыл ішінде түрлі салада белсенділік танытып, білім, өнер, қоғамдық жұмыс бағыттарында ерекше көзге түскен талантты жастарды марапаттау және олардың жетістігін көпшілікке үлгі ету.
Кеш барысында қаладағы жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері түрлі номинациялар бойынша марапатталып, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтарға ие болды.


