1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай, Жаратылыстану ғылымдар факультеті мен «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің студенттері бірлесіп, қарттар үйінде мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырды.
Іс-шара барысында студенттер қарттар қауымына арнап әсем әндер орындап, билерін ұсынып, жүрекжарды құттықтау лебіздерін жеткізді. Бұл мерекелік бағдарлама қарттарымыздың жүзін жадыратып, оларға шаттық пен жылылық сыйлады. Аталған шараның негізгі мақсаты – аға буынға құрмет көрсету, жастар арасында адамгершілік құндылықтарды дәріптеу және ұрпақтар сабақтастығын нығайту болды. Қарттарымыз аман, ғұмырлары ұзақ болып, қоғамдағы мәртебелері әрдайым биік болсын!