Версия для печати

ERASMUS+ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Қазақстандағы Erasmus+ Ұлттық кеңсесінің үйлестірушісі Палуанова Лаура Калабаевнаның қатысуымен Erasmus+ бағдарламасы аясында Zoom платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуге проректорлар,факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Erasmus+ – бұл Еуропалық Одақтың білім беру, кәсіби дайындық, жастар саясаты және спорт салаларын қолдауға бағытталған бағдарламасы. Бағдарлама халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, академиялық ұтқырлықты дамытуға және білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесу барысында Лаура Калабаевна Палуанова Erasmus+ бағдарламасының университеттердің халықаралық беделін арттырудағы маңызына тоқталды. Ол бағдарламаның аясында білім беру саласында кең мүмкіндіктер ашылатынын, тұрақты жобаларды жүзеге асыру мен ұзақ мерзімді академиялық әріптестікті дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

2025 жылғы 23 қазан күні Erasmus+ бағдарламасы аясында Zoom платформасында онлайн-кездесудің сілтемесі: https://drive.google.com/drive/folders/1z_N_6-VRoKqYODxQdpvgybXjlsVrwNFv?usp=drive_link

Erasmus+ бағдарламасы аясындағы ақпараттардың сілтемесі: https://drive.google.com/drive/folders/1hE-lQ7405KKrb1eIjH5CLmiN034oyiW2

енра1111

 

Прочитано 125 раз