Версия для печати

ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ЖАҢА ӨНДІРІСТІК ЖОБА АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Жамбыл облысының Шу ауданында жүзеге асырылатын жүгері өңдеу зауыты құрылысының жобасы аясында Дулати университетінде Қытай Халық Республикасында орналасқан «Shengtai Biotech Co. Ltd» компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты – кадр даярлау арқылы ғылыми-зерттеу және өндіріс салаларында өзара ынтымақтастық орнату бағыттарын талқылау.

Қытай Халық Республикасынан «Shengtai Biotech Co. Ltd» компаниясының кадр бөлімі басшысы Zhuliaman Baheti және кадрларды іріктеу маманы Yesibaole Jieensi арнайы келді. Қонақтарды Басқарма Мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейтжан Орынбаев қарсы алды. Кездесуге Басқарма мүшесі – стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова, Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Гүлнұр Исабекова қатысты.

Кездесу барысында тараптар өндірістік тәжірибе базасын құру, бірлескен инновациялық жобаларды дамыту, ғылыми-зерттеу серіктестігін нығайту және университет түлектерін алдағы зауыт құрылысына тарту мәселелерін талқылады.

Жобаның жетекшісі – «Shengtai Biotech Co. Ltd» компаниясы, ал инвесторы – «Fufeng Group Ltd» компаниясы (ҚХР). Зауыт құрылысының жалпы құны 175 миллиард теңгені құрайды. Жоба 2025–2026 жылдары жүзеге асырылады. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін 1000 тұрақты жұмыс орны, ал құрылыс кезеңінде шамамен 6000 уақытша жұмыс орны ашылады. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 500–1000 мың тонна жүгері өңдеуді қамтиды. Келешекте бұл көрсеткіш 3 миллион тоннаға дейін ұлғайтылмақ. Өндірілетін өнімнің барлығы Қытай және Еуропа елдеріне экспортқа жіберіледі. Кәсіпорында аминқышқылдары, крахмал, глюкоза, жүгері өңдеуден алынған клетчатка, белок ұнтағы, маточный ерітінді, жоғары сапалы мал азығы мен тыңайтқыштар өндірілмек.

Кездесу соңында тараптар өзара тиімді серіктестікті дамытуға мүдделі екендерін білдіріп, алдағы уақытта бірлескен ғылыми және өндірістік жобаларды жүзеге асыруға келісті.

шу1111

шу2222

шу3333

 

Прочитано 148 раз