Версия для печати

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Университет қабырғасында Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бастауымен «Scopus және Web оf Science ғылыми басылымдарында мақалаларды жазу ерекшеліктері» тақырыбында халықаралық ғылыми семинар ұйымдастырылды. Семинарға Индонезияның Риау университетінің профессорлары Анниса Пермата және Нур Ислами арнайы шақырылды.

Семинарға университетіміздің жас ғалымдары, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Шетелдік профессорлар ғылыми мақалаларды халықаралық стандарттарға сай дайындау бойынша өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, сапалы ғылыми мақала жариялаудың тиімді жолдарын ұсынды. Нәтижесінде, университет ғалымдары мен индонезиялық профессорлар бірлескен ғылыми мақалаларды шетелдік және жергілікті басылымдарға жолдады. Бұл ынтымақтастық халықаралық деңгейде ғылыми әлеуетті арттырып, бірлескен жобалар мен жарияланымдардың санын көбейтуге мүмкіндік береді.

Семинар соңында қонақтар университет басшылығына ерекше алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, алға қойған мақсат-міндеттерді жүзеге асыратындығына сенім білдірді. 

индонезия11111

индонезия22222

индонезия3333

индонезия4444

 

Прочитано 32 раз