Ғылым және коммерцияландыру департаменті Коммерцияландыру бөлімінің ұйымдастыруымен ұйымдастыруымен университет теңгеріміндегі стратегиялық маңызы бар жер телімін ғылыми мақсатта игеру бойынша кездесу өтті.
Жиын барысында университеттің жетекші ғалымдары мен құрылымдық бөлім өкілдері жер телімінің орналасу ерекшеліктерін саралап, болашақ зерттеу жобаларының мүмкіндіктерін талқылады. Жоспар бойынша аталған аумақта заманауи зертханалық алаңдар, аграрлық-биологиялық сынақ полигондары мен түрлі тәжірибелік учаскелер құрылатын болады. Бұл жұмыстар бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру (ПЦФ) аясында іске асырылады.
Жер телімін игеру жұмыстары – яғни тегістеу, қоршау және инфрақұрылымын дайындау – жақын арада басталмақ. Бұл бастама ауыл шаруашылығы, биотехнология, су ресурстарын тиімді пайдалану сияқты бағыттардағы ғылыми жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Университет басшылығы жаңа ғылыми алаңды құру арқылы жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттарға тәжірибелік жұмыстар жүргізуге қолайлы орта қалыптастырып, оқу орнының ғылыми-инновациялық әлеуетін одан әрі арттыруды мақсат етіп отыр.