Университет қабырғасында «Жаһандану үдерісіндегі адамның ұлттық және мәдени өзіндік ерекшелігін сақтау мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастыру комитеті: Жаратылыстану ғылымдары факультетінің «Білім берудегі тарих және география» кафедрасы және «Мұрагер» үйірмесінің жетекшісі Гүлжан Идрисова.
Басқосуға Жамбыл облысы бойынша «Талдау» әлеуметтік-маркетингтік зерттеулер орталығының жетекшісі Бахыт Альмұратов, Әлеуметтік жұмыс басқармасының Дінтану бойынша бас маманы Бақтияр Алпысбаев және Жамбыл облысы және Тараз қаласы мектеп оқушылары мен мұғалімдері, колледж студенттері, оқытушылар, 3-4 курс студенттері мен магистранттар қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – ұлтымыздың тарихи сана-сезімін жаңғырту, мәдени мұрамызды жан-жақты дәріптеу, төл тарихымызды қайта жаңа көзрараста қалыптастыру, өскелең ұрпақты жат діни ағымдар мен жаһанданудың қатерлі ықпалынан сақтау.
Дөңгелек үстел барысында «Білім берудегі тарих және география» кафедрасының меңгерушісі Аурика Серубаева сөз алып, қазіргі ақпараттардың дамып жатқан уақытында жастардың қауіпсіздігін сақтау туралы және ұлттық тәрбиенің бастауы – отбасы құндылықтары жайлы кеңінен насихаттады. Жаһандану заманында ұлттық құндылықтарымызды жоғалтпай, балалардың дамуына кітап оқытудың маңызы зор екенін атап өтті.
Сонымен қатар, «Философия және саясаттану» кафедрасының аға оқытушы Э.Қуандыкова Ұлттық құрылтайда қарастырылған өзекті мәселелерге тоқталды. Ол қоғамда орын алған әлеуметтік мәселелерге мән беру керектігін атап өтті. Магистранттар мен студенттер білім мен ғылымды дамытуда көкейде жүрген мәселелерді жан-жақты талқылады. Жамбыл ауданы, Б.Кейкиева атындағы мектептің орыс тілі және әдебиеті мұғалімі Динара Амирсейтова жаһандану үрдісінің әлемдік тілдерге әсері туралы баяндама жасады.
Дөңгелек үстелге Жамбыл Жоғары политехникалық колледжінің студенті Али Құрманбек жетекшісі Гүлсім Абсаттарова, Қаратау қаласы Асылай Сауранбек, Талас ауданы Қаратау қаласы орта мектебі, «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімі» КММ Қаратау технологиялық, білім және бизнес колледжінің студенттері Балзия Акылбекова, жетекші Нұргүл Шинибекова және Асел Ескендирова, жетекшісі Жұлдыз Сарыбаева, Қаратай Тұрысов атындағы № 53 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушысы- Назым Ахмет, 10 сынып окушысы Іңкәр Тәңірберген, жетекшісі: Дина Баймуратова белсенділік көрсетті.
Дөңгелек үстел соңында белсенділік танытқан оқушылар, студенттер және олардың ғылыми жетекшілеріне Алғыс хаттар табысталды.