Версия для печати

«СЕЗІМГЕ ТОЛЫ АККОРДТАР» АТТЫ КЕШ ӨТТІ

Университет қабырғасында «Журналистика және филология» кафедрасының бастамасымен «Сезімге толы аккордтар» атты ерекше форматтағы кеш ұйымдастырылды.

Кештің мақсаты – жастардың жүрегіне сезім мен шабыт сыйлап, махаббат құндылықтарын дәріптеу.

Кеш барысында жанды дауыста әндер шырқалып, әсерлі поэзия тыңдалды. Кафедра оқытушылары – Темірбай Мұқашев пен Алшагүл Мұқашеваның орындауындағы лирикалық әндер мен ғибратқа толы естеліктер жастардың жүрегіне жол тауып, махаббат, сыйластық сынды отбасылық құндылықтарды бағалауға шабыт берді.

Бұл кеш — саз бен сананың үндескен, есті буын мен жас ұрпақтың тоғысқан тағылымды сәті болды. Жанды дауыста шырқалған сыршыл әндер мен жүректі тербеген өлеңдер көрерменге шынайы эмоция, махаббат пен шабыт сыйлады.

Кеш соңында білімгерлер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, жылы лебіздерін жеткізді.

Прочитано 132 раз