М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Әдеби жігіттер» атты жайдарман құрамасы үлкен жетістікке жетті! Олар Республикалық Жайдарман ойындарының «Ұлттық» лигасына жолдама алды!
Бұл керемет жаңалық @jaidarman_production ресми парақшасында жарияланды.
Жастарымыздың жеңісі тек университетіміздің ғана емес, бүкіл Тараз өңірінің абыройын асқақтатады. Команданың жарқын жеңістері мен шығармашылық жетістіктеріне әлі де куә боламыз деген үміттеміз!