Университет қабырғасында «Жоғары білім беру жүйесіндегі академиялық адалдықты сақтау» атты облыстық ғылыми-танымдық дөңгелек үстел өтті. Жиынды университеттің әлеуметтік-мәдени даму басқармасы ұйымдастырды.
Шараға «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің менеджері, Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі Назима Жувандикова, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің бас маманы Айбек Ажибаев, «Мемлекеттік және әкімшілік құқық» Асқар Қадырқұлов, Қазақстан студенттерінің Альянсы ЖО филиалы төрағасы, Ғылым және жоғары білім министрлігі жанындағы студенттік омбудсмен Дархан Байпақ, «Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінін төрағасы Еркін Әбдиев, «DU UNION» студенттік парламентінің президенті Асель Тоқпанова қатысты.
Дөңгелек үстелдің модераторы ретінде университеттің Басқарма мүшесі – Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек жүргізді. - Жемқорлық – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның мәселесі. Сонымен қатар азаматтық қоғамның барлық топтарының ынтымақтастығын нығайтуға көмектесу, ЖОО-ның, мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының жемқорлықпен күрестегі рөлін айқындау. Жемқорлық елдің дамуына кедергі келтіріп қана қоймай, халықтың билікке деген сенімін төмендетеді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын шектейді. Сондықтан бұл мәселе барлығымызға ортақ, - деді Аслан Еділханұлы.
Назима Дәрменқызы мен Айбек Иткараевич облыс бойынша педагогтар арасында, студенттер арасында жемқорлық бойынша мәлімет берсе, студенттік омбудсмен Дархан Қуанышұлы жастар арасындағы мәселелер жайлы сөз қозғады. «DU UNION» студенттік парламентінің президенті Асель Тынышбекқызы студенттерді ашықтық пен бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Сонымен қатар, университет тарапынан әрдайым қолдау болатынын жеткізді.
Жиын соңында пікірталас ұйымдастырылып, келелі ұсыныстар ұсынылды. Оқу ордамыздың дамуы үшін жасалынуы тиіс бірқатар міндеттер айқындалды. Сондай-ақ, университет қабырғасында «Саналы ұрпақ» студенттер клубының қайта жандану мүмкіндігі жайлы да сөз қозғалды.