Версия для печати

Марапаттар еселенген күн

Білікті кадрларды даярлайтын ең негізгі орта Жоғары оқу орындары. Ал білім беру жүйесіндегі жаңашылдыққа ұмтылу – жетістікке жетелейді. Ол үшін оқытушылардың үздіксіз ізденуі, дамуы маңызды рөл атқарады. Университетте әр оқу жылының аяқталар сәті марапттардың еселене түсетін кезі. Жылдағы дәстүр бойынша   Дулати университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов профессор-оқытушлар құрамын биылғы оқу жылында еткен еңбектері мен жетістіктері үшін марапаттады.

Мәселен, 2022-2023 оқу жылының басында факультет декандарының бұйрығына сәйкес – 732 академиялық топқа – 533 куратор бекітілген екен. Куратор жұмысының негізгі мақсаты ұйымшыл студенттік ұжымды қалыптастыру, білім беру және тәрбие міндеттерін шешуге қажет екені белгілі. Осы ретте атқарылған жұмыстар сараланып, Дулати университетіндегі «Жылдың үздік кураторы – 2023» анықталды. Байқау нәтижесі бойынша үздік үштікке ректор арнайы алғыс хат табыстады. “Ақпаратты технологиялар” факультетінің кураторы - Сұлушаш Молдатаева I- орынмен марапатталса, “Технологиялық факультетінен” - Саят Мамешова II - орынды иеленді. “Экономика және құқық” факультеті- Асел Нұрмаханбетқызы III - орынға және  “Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру” институтынан  Жанар Үйсімбаева IV - орынмен марапатталды.

Сонымен қатар, «Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының профессоры Мұхамет-Омар Паншаев Санкт- Петербург қаласындағы Ғылым және өнер Петр академиясының мүшесі болып сайланды. Академикке диплом мен куәлігі және «Әлемдегі шекарасыз өнер» халықаралық фестивалінің дипломы мен « Русская Атлантида 2023. Санкт- Петербург» көрмесінің дипломы табысталды.

«Техникалық физика» кафедрасының аға оқытушысы Толкын ҚасеноваҒА «6D060400- Физика» мамандығы бойынша философия докторы ғылыми дәрежесі берілді.

«Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Пайза Көненоваға «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі берілді.

Мобилизация бөлімінің маманы Айнаш Накипова Тараз қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың Алғыс заты табысталды.

«Экология» кафедрасының оқытушысы Жахангер Назарбековқа жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу ісіндегі «Үздік табыстары үшін» белгісімен марапатталды және 60 жасқа толуына орай құттықтау хаты табысталды.

«Электроэнергетика» кафедрасының аға оқытушысы Жамбыл Тілеукеевке «Үздік ғылыми қызметкер – 2023» байқауының 1 дәрежелі дипломы табысталды.

«Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Надежда Рябоваға «Үздік педагог – 2022» байқауының ІІ дәрежелі дипломы берілді

«Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Мельдебекова Айжан Дальтонқызына “Үздік педагог - 2023” байқауының 2 дәрежелі дипломы берілді.

WhatsApp Image 2023 05 31 at 12.30.21 1

WhatsApp Image 2023 05 31 at 12.30.21 2

WhatsApp Image 2023 05 31 at 12.30.22

WhatsApp Image 2023 05 31 at 12.30.22 1

WhatsApp Image 2023 05 31 at 12.30.22 2

WhatsApp Image 2023 05 31 at 12.30.22 3

WhatsApp Image 2023 05 31 at 12.30.22 4

 

Әйгерім ТҰРАРБЕК,

Конвергенттік журналистика мамандығының 2-курс студенті.

Прочитано 749 раз