Версия для печати

ДУЛАТИЛЫҚТАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ!

Дулати университетінің студенті Нұрбек Оралбай мен университет түлегі Асланбек Шымбергенов бокстан ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ атанды!

80 келіде ел намысын қорғаған Нұрбек Оралбай финалдық сында Қытай елінің атынан шығып жүрген этникалық қазақ Тоқтарбек Таңатқанды жеңіп, алтын жүлдеге қол жеткізді.

71 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңда жарыс жолына шыққан ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов өзбекстандық Саиджамшид Жафаровты жеңіп, әнұранымызды шырқатты.

Әлемдік бәсекеде күміс жүлдеге қол жеткізген Дулат Бекбауов та Жамбылдық боксшы. Дулаттың жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков – Дулати университетінің «Құрметті професоры».

Жарайсыңдар, жігіттер! Жеңісті күндеріміз көп болсын!

345655752 793073325364644 206308808595898449 n

345915196 241731071838210 5101521434027490730 n

346079353 777392764008999 1194537541986987296 n

Прочитано 534 раз