Версия для печати

Қош келдің, әз-Наурыз!

Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультеті Мәдениет және өнер кафедрасы Наурыз мейрамын сән-салтанатпен атап өтті.

Университеттің бас ғимаратының алдына жиналған көпшілік бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, ақ бата тілектерін айтты. Арнайы шақырылған меймандар мен оқытушылар наурыз дастарханынан дәм татты. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.

Ректор Мұхтар Байжұманов жиналған қауымды Наурыз мерекесімен құттықтап, ыстық ықыласын білдірді. Өз сөзінде білім ордасының басшысы Наурыз ынтымық пен бірліктің мерекесі екенін жеткізді.

– «Баршаңызды Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Наурыз – жыл басы ғана емес, бұл жақсылықтың, ізгіліктің мейрамы. Жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мейрамы өлкемізге құт-береке әкелсін! Еліміз тыныш, туған жеріміз аман болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын!», деді университет ректоры.

Мерекелік концерт арнайы дайындалған театрландырылған қойылыммен жалғасты. Көпшілік назарына қазақтың салт-дәстүрлері көрсетілді. Сондай-ақ, университеттің өнерлі жастары ән айтып, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

WhatsApp Image 2023 03 17 at 19.59.06 15

WhatsApp Image 2023 03 17 at 19.59.06 8

WhatsApp Image 2023 03 17 at 19.59.06 9

WhatsApp Image 2023 03 17 at 19.59.06 10

WhatsApp Image 2023 03 17 at 19.59.06 11

WhatsApp Image 2023 03 17 at 19.59.06 13

WhatsApp Image 2023 03 17 at 19.59.06 14

 

Прочитано 672 раз