Версия для печати

Университетте ұлттық мереке аталып өтті

Ақпараттық технологиялар факультетінің бастамасымен ұйымдастырылған Әз-Наурыз ерекше аталып өтті. Көк шығып, төңірек құлпырып, айнала шат-шадыман күйге ене бастағаннан адамзаттың да алдағы күндерге деген үміті үкіленіп, сенімі нығая түседі. Ежелгі Шығыс халықтарында жыл басы болып есептелетін Наурыз мейрамы өзіндік нақышқа, өрнекті сипатқа ие. Ерекшелікті еселендіре түскен студенттердің дайындықтары қала жұртшылығының назарын аудармай қоймады.

Жиын түрлі ұлттар мен этнос өкілдерінің бірлігі мен ынтымағын көрсетті. Әр кафедра өздеріне бекітілген ұлттың мәдениеті мен дәстүрін, әні мен биін көпшілікке ұсынды.

Студенттер үйінің алдына жиналған жастар шаңырағы көркемделген орталықта қазақы дәстүрмен Наурыз мерекесін тойлады. Қолөнердің сан-саланы қамтыған әрі бірінен екіншісі асып түсетін бұйымдары тізілсе, ақ дастарханға ұлттық тағамдардың түрлері қойылды. Ең бастысы, студенттердің қазақ халқына, ұлтқа деген құрметі бұл күні еселене түсті.

WhatsApp Image 2023 03 17 at 20.18.10 1

WhatsApp Image 2023 03 17 at 20.18.10 2

WhatsApp Image 2023 03 17 at 20.18.10 3

WhatsApp Image 2023 03 17 at 20.18.10 4

WhatsApp Image 2023 03 17 at 20.18.10 6

Прочитано 564 раз