Версия для печати

Жас журналистерге арналған шеберлік сағаты өтті

Өркениет көшіне қосылған мемлекет ретінде дүние дидарындағы қым-қиғаш құбылыстарды уақыт таспасына түсіретін журналистердің жауапкершілігі күн өткен сайын ауырлай түсуде. Ақпарат майданы тек журналист, тілшілерден құралмаған. Біз көріп жүрген шығарылымның артында қаншама маманның жұмысы, еңбегі жатыр. Сол қарбалас тіршілікте оқырманға жедел түрде ақпарат таратудың негізгі күші веб-дизайнерлерде.

«Aulieata-media» ходингінің бас дизайнері Алмаз Орманов «Филология және журналистика» кафедрасы «Жас журналистер» клубының студенттерімен кездесті. Бұл күнге дейін қонақ дәрісі, маманның шеберлік сағаты, журналиспен кездесу сынды дәстүрлі түрде өтіп жүрген жиын бұл жолы ІТ мамандықпен астасты.

Алмаз Орманов веб-дизайн, газет дизайны, сайт жасақтау, бағдарламалық қамсыздандыру сынды тақырыптарда студенттерге түсіндірумен қатар, компьютерден көрсетіп, шеберлік сағатын өткізді.

Дизайн жасауға арналған бағдарламалармен қалай жұмыс істеу керектігін үйретіп, меңгерудің артықшылықтарымен және оңай жолдарымен бөлісті.

Сайтты құрудан бастап жүргізуге дейінгі аралықтағы жұмыс процесстері мен қаржылық ахуалына дейін баяндап берген маманға студенттердің де ілтипаты риясыз болды.

WhatsApp Image 2022 11 24 at 14.46.18

Прочитано 742 раз