Версия для печати

Жан тыныштығын сыйлаған – рухани кеш

«Біз ауада құстар ұқсап ұшуды үйрендік, суда балықтар сияқты жүзуді де үйрендік. Енді жерде адам сияқты өмір сүруді үйренсек болды» депті Бернард Шоу. Ал адамдықтың басты шарты – адамгершілік һәм ар мен иманда. Сондықтан болса керек, жан тазалыққа, кемелдікке зәру. Көңілдің қалауын іздеп әдеби, рухани кештерге асығатын адамның әрекетін түсініп тұратынымыз да содан. Өйткені саф өнерде – кие бар.

Дулати университеті, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының студенттері мен бітіруші түлектері бірлесіп ұйымдастырған «Жүректің сөзі – өлең» атты поэтикалық кеш те осындай ішкі рухтың ұмтылысынан туған. Қазақ поэзиясы мен прозасын дәріптеуді көздеген бастамашыл өлеңге, өнерге құштар жастардың талабы көңіл қуантады.

Дулати университеті ректорының міндетін атқарушы Гүлвира Мұсабекова өнерлі жастарға өз тілегін жеткізді.

– Жиналыстан шаршап келе жатып ойландым. Кеш ұйымдастырушылары «Қазақ тілі және әдебиет» кафедрасы, қазір сахнада тек қыздардың әні мен поэзиясын тыңдап қайтамын. Келсем бәрі басқаша. Таңғалдым. Жігіттер таңқалдырды. Мектептерде қазақ тілі мен әдебеиі пәндерінен осындай сабақ берсе, онда кейінгі толқын бозбалалардың мұғалім мамандығына деген көзқарасы өзгерері анық. Мамандығын өз деңгейінде меңгерген өнерлі жігіттердің бізден шыққаны мақтаныш. Осындай түлектеріміз барда рухани болмысымыздың байи түсетініне, тіліміз мәңгі болатынына сенім мол. Қазақ тілі мәңгілік – тіл. Мәңгілік болатынына кепіл бар. Олар – осы сахнада. Адами құндылықты, патриорттық сезімді арттырғандарыңыз үшін алғысым шексіз, - деді Гүлвира Айдарханқызы.

Көрермендердің қошемет-ықыластарына қарап, әдебиетке, өнерге құштарлықтың жоғары екенін байқадық. Түлектерден құралған «Әдеби жігіттер» тобының сахналық қойылымдар мен әдеби шығармаларды нақышына келтіре орындауы көңілге қуаныш сыйлады. Өнер тілінде өрнектелген өмірдің өзегінде адамның ізгілікке деген үміті мен бейбіт өмірге деген тілегі қатар өрілгендей. «Ұстаз» институтының бітіруші түлектері мен студенттері нағыз мұғалім мәдениетін сахна арқылы көрсете алды.

Облыс әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдірде дамыту бөлімінің қолдауымен өткен кешке жиналған қауымның қарасы көп болды. Қонақтардан бөлек, ең жас 3 айлық көрермен келді. Өнерлі жас отбасы перзентінің қазақтың қара өлеңі перзентінің құлағына қазірден сіңе берсін десе керек.

Адамгершілікті, махаббатты, сезімді, бақыт дегеннің не екенін, тыныштықты, сыйластықты, тазалықты, үйлесімділікті, мәдениет пен өнерді, құндылықтарды бір кешке сыйдырған – ұйымдастырушыларға, көрермендер де дән риза.

WhatsApp Image 2022 11 18 at 19.44.40

WhatsApp Image 2022 11 18 at 19.44.40 1

WhatsApp Image 2022 11 18 at 19.44.40 2

WhatsApp Image 2022 11 18 at 19.44.41 1

WhatsApp Image 2022 11 18 at 19.44.42

WhatsApp Image 2022 11 18 at 19.44.42 1

WhatsApp Image 2022 11 18 at 19.44.42 2

 

Прочитано 839 раз