Версия для печати

Кітапханашылар күні аталып өтті

Қазақстан Үкіметі 2022 жылғы 18 қазандағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне толықтыру енгізілді. Енді Кітапханашылар күні - 24 қазан күні тұрақты түрде тойланатын болмақ.

Мерекеге орай, Дулати университеті Кітапханалық-ақпараттық орталығында «Library awards - 2022» атты марапаттау рәсімі өтті. Жиынға университет ректорының міндетін уақытша атқарушы Гульвира Мусабекова қатысты.

RLS 4849

– Кітапхана — мәдени-ағартушылық ғимарат. Кітапхананың жұмысы студенттердің жан-жақты дамыған тұлғасын қалыптастыру, еңбек нарығында білікті мамандар мен ғылыми кадрларды даярлауға көмектесу мәселелерін шешу үшін жұмыс жасайды. Жоғары білім беруді пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру – оқу және ғылыми қызметпен айналысатын оқытушылар мен қызметкерлерге білімін арттыруға септігін тигізетін орын. Бұған дейін бірнеше облыстарда басшылық қызмет атқардым. Кітапханаға аса қатты мән беремін. Сол қызмет еткен жолдарымда кездескен кітапханалардың ең үздігі – Дулати университетінің кітапханалық қоры деп білемін. Тек кітап сақталып тұратын орын ғана емес, креативтілік пен жаңашылдыққа толы мекен. Бұл жетістікке орталық қызметкерлері өздері жетті. Дизайн, үйлестіру, қаржылай қолдау барлығы жұмыскерлер тарапынан болған. Сол үшінде нағыз өз ісіне махаббатпен қарайтын мамандарды бүгінгі мерекелерімен құттықтаймын. Сіздер үлкен құрметке лайықсыздар,-деп ізгі тілегін білдірді Гульвира Мусабекова.

Әр жыл сайын белсенді оқырмандар арасында түрлі алғыс хаттар мен сыйлықтар беріледі. Биылғы жылы да «Белсенді оқырман – 2022», «Зейнеткер – 2022», «Білікті маман – 2022» атақтары үлестірілді. Сондай-ақ, кітапхана қызметкері Есіркепова Гүлмира Жарылқапқызы Дулати университетіне сіңірген еңбегі үшін, Дулати атындағы төсбелгімен марапатталды.

RLS 4880

RLS 4883

Марапаттау рәсімінен кейін, кітапханашыларға «Өз-өзіңді танысаң – істің басы» тақырыбында психологиялық тренинг ұйымдастырылды. «Әлеуметтік психология» кафедрасының оқытушылары Раушан Темірғалиқызы мен Айгүл Нұрланқызы маңызды ақпараттар мен бөлісіп, ойындар өткізді. Сонымен қатар, «Филология және журналистка» кафедрасының оқытушы Балмира Мырзабаева «SMM маманға қажетті – 7 DAGDY» атты мастер классын ұсынды.

Марапаттау мен пайдалы ақпараттарға толы болған бұл күн – нағыз мерекелік көңіл сүй сыйлады. Барша кітапхана қызметкерлерін бүгінгі мерекелерімен құттықтаймыз!

RLS 4898

RLS 4838

Прочитано 938 раз