Версия для печати

Салық жүйесінің талаптарын білесің бе?

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Экономика және құқық» факультетінің «Қаржы және есеп» кафедрасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен бірлесіп, салық  жүйесінің  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын таныстыру мақсатында «Брейн-ринг» ойынын өткізді. Аталған  іс-шара «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы Әлия Жылкелдіқызының тәжірбиелік сабағының  «Салық және салық салу» пәні бойынша ұйымдастырылды.

Интелектуалдық ойынға  облыс бойынша мемлекеттік кірістер депертаментінің   ардагерлер ұйымының  төрағасы Алишев Әділбек Әлішев депертаменттің адам ресурстары басқармасының басшысы Мәлік Абдуллаев Ұұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және әкімшілік кедергілерді азайту бөлімінің басшысы Мейірхан Бекпенбетов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша депертаментінің превенция басқармасының бас маманы Айбек Әжібаев, мемлекеттік қызметі  істері жөніндегі агенттігінің Жамбыл облысы бойынша депертаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Шарипов Руслан Шәріпов, «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі  Совет Қожабеков әділ төрелік жасады.

«Брейн-ринг» ойынында студенттер «Іскер» және «Даму» топтарына бөлініп, қатысушылар Қазақстан Республикасының салық  жүйесінің  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын білуге қатысты сұрақ-жауап арқылы интелектуалды деңгейлерін көрсетті. Жарыстың нәтижесі бойынша  «Іскер» тобы I орынға ие болды және топтар Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысы К.Кармантаевтың атынан  сәйкес Алғыс хаттармен марапатталды.

 2

3

4

5

6

Прочитано 719 раз