Версия для печати

Талапкерден студентке дейін...

1-курстарды бейімдеу апталығы жүріп жатыр

Қыркүйектің алғашқы екі аптасы жалпы білім алушылар үшін өзгеше бір кезең екені анық. Жазғы демалыстан кейін жоғары курстардың өзі сабаққа қайта оралғанда, бірден білім алу процесінің екпініне ілесе алмай жатады. Ал 1-курс студенттері үшін университет аудиториясына үйрену жеңіл емес.

Сондықтан университетте бастапқы кезеңде студенттерді бейімдеу жұмысы жүргізіледі. Жоба аясында кешегі талапкерлерге  университеттің тыныс-тіршілігімен таныстырылады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде бейімдеу апталығы оқу орнының бас ғимаратындағы музейге экскурциядан басталды. Барлық 1-курс студенттері үшін арнайы кесте жасалған. Кураторлардың жетекшілігімен әр топ белгіленген кесте бойынша университеттің ең басты мәдени-тарихи ошағына келіп, білім ордасының тарихымен танысуда.

– 1-курс студенттерге музейдің негізгі бес залын таныстырамыз. Жастар ойшыл, тарихшы М.Х.Дулатиге арналған залдағы құнды деректерге қызығушылық танытуда. 1999 жылы біздің білікті профессорлар мен ғалымдар бастаған делегация Үндістанның Кашмир штатындағы Сринагар қаласындағы бабамыз жатқан жеріне барып, жамбасы тиген жерден бір уыс топырақ әкелген болатын. Ол қазір музейдің ең құнды жәдігері ретінде сақтаулы тұр. Үнді жерінен әкелген сыйлық кітаптар мен бейнетаспалар да бар, – дейді университет музейінің меңгерушісі Ақсәуле Қалабаева.

WhatsApp Image 2022 09 09 at 11.33.22

WhatsApp Image 2022 09 09 at 11.33.21

WhatsApp Image 2022 09 09 at 11.33.22

WhatsApp Image 2022 09 09 at 17.37.33

WhatsApp Image 2022 09 09 at 17.37.34

WhatsApp Image 2022 09 09 at 17.37.35

WhatsApp Image 2022 09 09 at 17.37.35 1

WhatsApp Image 2022 09 09 at 17.37.39

Прочитано 848 раз