Версия для печати

ШЕТ ТІЛІН МЕҢГЕРГЕНІН РАСТАЙТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ БАР ТҰЛҒАЛАР МАГИСТРАТУРАҒА КТ-НЫҢ ШЕТ ТІЛІ БОЙЫНША ТЕСТІНЕН БОСАТЫЛАДЫ

Шет тілін меңгергенін растайтын бір халықаралық сертификаттары бар тұлғалар мынадай тілдер бойынша магистратураға кешенді тестілеудің шет тілі бойынша тестінен босатылады:
АҒЫЛШЫН ТІЛІ:
IELTS Academic – кемінде 6,0;          
TOEFL IBT – кемінде 60;      
TOEFL PBT – кемінде 498.   

НЕМІС ТІЛІ:
DSH – Niveau С1/C1 деңгейі;  
TestDaF-Prufung – NiveauC1/ C1 деңгейі.  
    
ФРАНЦУЗ ТІЛІ:
TFI – оқу және тыңдалым секциялары бойынша B1 деңгейден төмен емес;
DELF – B2 деңгейі;
DALF – C1 деңгейі;
TCF  – кемінде 50 балл.
КТ-ға тіркелу кезінде сертификаттың барын және балын белгілейсіз. Сертификаттары бар тұлғаларға білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініш берген кезде, сондай-ақ ақылы негізде ЖЖОКБҰ-ға қабылданған кезде 50 балл есептеледі.

Прочитано 792 раз