ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТ ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ПАТЕНТТЕРІ

Өнертабыс саласы. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ғылыми бағыттарды дамыту, ғылым мен техника дамуының басым бағыттарын айқындау, қолда бар ресурстарды осы бағыттарда шоғырландыру, өнеркәсiптi дамытудың ел үшiн жаңа технологиялық базасын жасау, ғылыми салада жұмыс iстеудiң нарықтық экономикаға тән жаңа тетiктерiн қалыптастыруда аянбай еңбек етіп келеді. 

Алпыс жыл тарихы бар Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті аймақтағы ірі патентиеленуші болып табылады. Оған себеп университет ғалымдарының әлеуетінің жоғары және ғылыми зерттеулерді жоғарғы ғылыми-техникалық деңгейде жүргізуде мүмкіндік беретін материалдық, ғылыми техникалық және өндірістік базасының бар болуы.

Университеттің зияткерлік меншік саладағы қызметін  Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөліміне қарасты «Патенттер  және метрология»  секторы үйлестіреді. Сектор жоғарыда аталған жүргізілген ғылыми-зерттеу нәтижелері бойынша ғалымдардың ғылыми жаңалықтарының негізінде жасалған ҚР инновациялық патентін және патентін, ҚР өнеркәсіптік үлгіге берілетін патентін алу үшін өтінімдердің Ұлттық зияткерлік меншік институтына уақытылы жіберілуін қамтамасыз етуде нәтижелі жұмыс істеп келеді. Сонымен бірге оқытушы-профессорлар құрамына, магистранттарға, доктаранттарға және студенттерге өнеркәсіп меншігі нысандарын сақтау мен қорғау мәселелері, патенттік-анологтық ізденістер бойынша консультациялық көмек көрсетеді. Университеттің патенттік қоры арнайы бюллетеньдермен, әдебиеттермен жылдан жылға жаңартылып келеді. «Мұнай газ және механика» факультетінің деканы К.Қ.Шилібек және «Патенттер  және метрология»  секторының меңгерушісі Н.Ж.Жоламанов 2010 жылы өнертабыс жазбалары негізінде баспадан «100 изобретений доктора технических наук, профессора А.Абдураманова», 2018 жылы соңғы он тоғыз жылда алынған қорғау құжаттары бойынша «М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің зияткерлік меншігі (1999-2018 жж.)» библиографиялық көрсеткішін, 2013 жылы «Изобретения в области гидротехники и безопасности жизнедеятельности профессора С.Койбакова» кітаптарын баспадан шығарды.

Өнертабыс саласында т.ғ.д., профессор Ә.Ә.Әбдіраманов, т.ғ.д., профессор С.М.Қойбақов, т.ғ.д., профессор И.И.Бекбасаров, т.ғ.д., профессор А.А. Сағындықов,  х.ғ.д.,профессор А.Асанов, т.ғ.к., доцент С.Қ.Жолдасов белсенділік танытуда. 

Өнертабыстар негізінен жеңіл, тамақ, химия өнеркәсібі, гидротехника, құрлыс салалары үшін өнімділігі жоғары материалдарды алуға, машиналарды және технологияларды құруға бағытталған. Қазіргі таңда жоғары оқу орны Ұлттық зияткерлік институтумен тығыз байланыс орнатқан.

Университет бойынша 2020-2022 оқу жылындағы авторлық куәліктер және өнертабыс көрсеткіштері

image004

Сонымен қатар университет өнертапқыштары өнертабыс саласындағы дәстүрлі ҚР Әділет министрлігі Ұлттық зияткерлік меншік институты ұйымдастыратын, Республикалық «Шапағат» байқауына тұрақты қатысып, бірқатары жеңімпаз атанды. Атап айтар болсақ  2014 жылы техника ғылымдарының докторы, профессор С.Қойбақовқа  конкурс қорытындысы бойынша ҚР Әділет министрінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген өнертапқышы» құрметті  атағы берілді. Өнертапқыштық саладағы ІХ республикалық  «Шапағат» байқауының қорытындысы бойынша «Су ресурстары» кафедрасының профессоры, машина жасау және гидроциклон саласындағы 114 өнертабыстың бірлескен авторы Ә.Әбдіраманов Еуразия патенттік ұйымының В.И. Блинников атындағы «Өнертапқыштық және патенттік іс саласына енгізген үлесі үшін» алтын медалін жеңіп алды. Ал техника ғылымдарының кандидаты, доцент К.Қ. Шилібекке осы байқауда өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеуді белсенді түрде насихаттағаны және полимер алу саласындағы 17 өнертабысы үшін Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының марапаты – «Үздік өнертапқыш» дипломы мен алтын медалі табыс етілді.

Top