ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМДАР

Университет ғалымдарының ғылыми жетістіктерінің өсуін қамтамасыз ету, оның ішінде жарияланымдар, монографиялар, ғылыми мақалалар болып табылады.Соңғы 3 жылда университет ғалымдарының 73 монографиясы баспадан шықты. Монографиялардың сапасы, әдетте, оларда баяндалған нəтижелердің жаңалығымен бағаланады. Монографиялардың сапалы дайындығын қамтамасыз ету үшін 2013 жылдан бастап университетте дайындалған барлық монографиялар плагиатқа тексеру үшін  Мемлекеттік ұлттық ғылыми–техникалық сараптама орталығына жіберіледі. Тек осы ұйымның ресми қорытындысы негізінде ОПҚ-ның баспаға дайындаған монографиялары жариялауға ұсынылды.

Қазіргі жаһандану жағдайында және ғылымның халықаралық интеграциясы жағдайында жарияланымға қойылатын талаптар түбегейлі өзгерді. Әлемдік ғылыми ортада ғалымдардың мәртебесін анықтайтын «Хирш индексі» немесе H-индексі  ғалымның ғылыми метрикасының көрсеткіші болып саналатынын білеміз. Бұл индекс ғылыми мақалалар мен осы мақалаға жасалған сілтемелер негізінде ғалымның, ғылыми топтың, ғылыми ұйымның немесе бүкіл бір елдің ғылыми өнімділігінің сандық сипаттамасын көрсетеді. Қазіргі таңда университетіміздің ОПҚ-ның шыққан ғылыми мақалаларында    247 Хирш индексі бар. Жалпы Thomson Reuters және Scopus агенттігі базасына кіретін журналдарда жарияланған жарияланымдар саны 596.

Жыртқыш журналдарда жарияланудан қалай сақтануға болады?

Жыл сайын университеттің оқытушылары мен қызметкерлері ғылыми мақалалар ретінде әртүрлі басылымдарда  мыңнан астам жұмыс жасайды. Мәселен, 2021 жылы 1407 жұмыс жарияланды.

2019-2021 жылдары университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы шығарған монографиялар мен мақалалардың саны

image007

Top