Жоғарғы оқу орнына дейінгі дайындық бөлімі

Қызмет бағыты

«Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық» бөлімінің мақсаттары:

  • мектеп бітіруші 10-11 сынып оқушыларына арналған ҰБТ-ға дайындау, оқу-тәрбие жұмыстарын  ұйымдастыра отырып Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына оқуға түсуі үшін жалпы білім беру деңгейін көтеру;
  • тәрбие жұмыстарын жүргізе отырып, тыңдаушыларды қоғамдық ортаға бейімдеу;
  • тыңдаушыларға көлемі қысқа мерзімді білім деңгейін көтеру курстарын күндізгі оқыту жүйесінде ұйымдастыру;
  • тыңдаушылардың болашақта мамандығы бойынша кәсіби білім бағдарламаларын меңгеруге қажетті білім, дағды және іскерлік деңгейлерін қамтамасыз ету;
  • үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тыңдаушылар контингентін қалыптастыру;
  • әдістемелік көмек көрсету арқылы білім сапасын арттыруға мүмкіндік жасау.

«Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық» бөлімінің міндеттері:

  • Бөлімнің тыңдаушыларының контингентін қалыптастыруда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және ақылы негізде оқуға талап білдірген азаматтар есебінен қалыптастыру;
  • Бөлімде тәрбиелік іс-шараларды жүзеге асыру;
  • Бөлімге қажетті ақпаратты жоғары деңгейде дайындау;
  • Бөлімді бітіргендігі туралы куәлік дайындау;
  • Бөлімнің жұмысын жетілдіруге бағытталған процестердің жай-күйін болжау және басқару;
  • Университеттің өндірістік қызметін басқа құрылымдық бөлімдермен қамтамасыз ету мақсатында өзара байланысын ұйымдастыру;
  • жұмыскерлерден еңбек тәртібін бұзған жағдайда жазбаша түсініктеме талап ету;
  • жұмыскерлерді марапатқа ұсыну үшін материалдар дайындау;
  • жұмыскерлерді материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша материалдар дайындау;
  • еңбек қызметі үрдісінде жұмыскерлердің кәсіби, іскерлік және моральдық қасиеттерін зерделеу;
  • Бөлімнің еңбек тәртібінің жағдайын және жұмыскерлердің ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтауын бақылау;
  • мекемелерден, ұйымдардан, әкімдіктерден, жоғары оқу орындарынан және басқа да заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен барлық хат-хабарларды орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
  • Университеттің даму стратегиясын жүзеге асыру;
  • СМЖ талаптарын орындау.
Бөлім мамандары
Тлеубаев Дәурен Қанатұлы
Тлеубаев Даурен Қанатұлы

Лауазымы: маман

Ұялы телефон: +7705 296 96 82

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Танкина Алма Базарбековна
Танкина Алмагул Базарбаевна

Лауазымы: маман

Ұялы телефон: +7705 397 55 12

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.