Дінтану орталығының бас маманы
Б.Алпысбаев
2020 жылдың 23-желтоқсанда Дулати университеті «Мұнай, газ және механика» факультетіне қарасты «Электрэнергетика» кафедрасының аға оқытушысы Ғани Құттыбаев Үсенұлының ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне және топ кураторларына ZOOM платформасы арқылы дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл іс-шараға Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы-магистр Б.Қ.Алпысбаев қатысып, қоғамдағы дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтану және алдын-алу жолдарына байланысты ғылыми танымда рухани иммунитетті арттыратын бағыттарды тоқтатпау керек екендігін атап өтті. Рухани дүниетанымы, ой-санасы ұлттық құндылықтардан нәр алып өз тарихын, мәдениетін білген жас ұрпақ, өзге радикалдық діни ағымның қатарына кете қоймайды. Соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты. Барлығы қатысушылар саны – 23.