Байжуманов Мухтар Казбекович 2БАЙЖҰМАНОВ МҰХТАР ҚАЗБЕКҰЛЫ

Мұхтар Байжұманов 1965 жылы 3 наурызда Талдықорған облысында дүниеге келді. І.Жансүгіров атындағы Жетісу педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Алматы облысы Көксу ауданындағы мектепте математика мұғалімі болып бастады.

1991-2000 жылдары – Талдықорған мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, декан қызметтерін атқарды.

1996-1997 жылдары – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ғылыми қызметкері.

2000-2001 жылдары – Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде аға оқытушы.

2001-2011 жылдары – Білім және ғылым министрлігінің аппаратында қызмет етті.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім басқармасының бас маманы. Мемлекеттік білім беру тапсырысы, лицензиялау, жоғары оқу орындарын мемлекеттік аттестаттау бөлімдерінің бастығы.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің лицензиядан кейінгі бақылау басқармаларының бастығы.

Бақылау комитеті төрағасының орынбасары және комитет төрағасының м. а.

2012-2018 жылдары – «Азаматтық авиация академиясының» Басқарма төрағасы - ректоры.

2020-2021 жылдары – Шәкәрім университетінің Басқарма төрағасы - ректоры.

2021-2022 жылдары – Қазақ технология және бизнес университетінің Басқарма төрағасы - ректоры қызметін атқарды.