Тілсіз жау - Су тасқынына көмек

Тарихтағы оқиғалардың да, табиғаттың тосын құбылыстарының да қайталанып тұратыны жазылмаған заңдылық. Соның бірі – су тасқыны екені сөзсіз. Өткенге ой жүгіртсек, елдің есін алған тасқын судың келуі осыдан дәл отыз жыл бұрын (1993-1994 жылдары) болған. Сол кездегі тасқын судың тартқызған зардабы мен тигізген залалы әлі күнге есімізде.

Толығырақ

«AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанатының өкілдері «Энергетикалық қауіпсіздік және Қазақстандағы су тапшылығы мәселесі» тақырыбында кездесу кеші өтті.

Кездесуге «Су ресурстары» кафедрасының т.ғ.д., доценті, Омарова Г.Е. қатысып энергетикалық қауіпсіздік және Қазақстандағы су тапшылығы мәселелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Толығырақ

ҚР су ресурстары және ирригация министрлігі «Қазмелиосушар» РӘО» РММ қызметкерлерімен гидротехникалық құрылымдардың тозу деңгейін есептеу тәртібін (әдістемесін) әзірлеу бойынша дөңгелек үстел өткізу туралы

ҚР Су ресурстары және ирригация Министрлігі «Қазмелиосушар» РӘО» РММ Жоғары Аудиторлық Палатасының ұсынымына сәйкес, гидротехникалық құрылымдардың нақты жай-күйін айқындау мақсатында гидротехникалық құрылымдардың тозу деңгейін есептеу тәртібін (әдістемесін) әзірлеп, біздің ЖОО гидрология және гидротехника саласындағы университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және мамандарымен кездесу мен кеңес алу үшін жәрдем сұраған болатын.

Толығырақ

Үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

2023-2024 оқу жылында кафедраның үгіт-насихат жұмыстарын орындаудың жоспарына сәйкес кафедраның доцент м.а. Жатканбаева А.О. және аға оқытушы Есенгельдиева П.Н. мамыр айының 15-і күні Тараз қаласында орналасқан «Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясында» және «О.Жолдасбеков атындағы №50 орта мектепте» биылғы оқу жылында мектеп бітіруші 11 сынып түлектерімен кездесу өткізілді.

Толығырақ

Республикалық пәндік олимпиада

Алматы қаласы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының «Халықаралық білім беру корпорациясында» (МОК) жоғары оқу орындары студенттері арасында 2024 жылдың 25-26 сәуірінде өткен Республикалық пәндік олимпиадаға «Құрылыс және материалдар өндірісі» кафедрасынан «6В07303-Ғимараттар мен құрылымдарды жобалау» білім беру бағдарламасының студенттері қатысты.

Толығырақ

XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиада

Алматы қаласында өткен «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінде» КЕАҚ 2024 жылдың 25-26 сәуірде XVI Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға «Мелиорация және агрономия» кафедрасынан «6В08612-Мелиорация және суғармалы егіншілік» және 6В08112-Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы білім беру бағдарламаларының студенттері қатысты.

Толығырақ

«ҚАЛДЫҚСЫЗ БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ БАСТАЙЫҚ» АТТЫ ЭКО-АКЦИЯ

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының, «Экология және тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі» кафедрасының 6В05212 – «Өнеркәсіптік мекемелердің экологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша білім алып жатқан 3 курс студенттері мен топ кураторлары Жанар Уйсимбаева, аға оқытушысы Шарбат Мусабаева және тәрбие іс және кадрлық жұмыстар жөніндегі директор орынбасары - Байназаров Ұлан Айтжанұлы қолдауымен , институт көлемінде «Қалдықсыз болашаққа қадам бастайық» атты тақырыпта эко-акциясы ұйымдастыруымен балаларға қамқорлық жасау, жүрек жылуымен бөлісу мақсатында «Үміт балалар» үйіне қайырымдылық іс- шара ұйымдастырылды.

Толығырақ

Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысының нәтижесі

Кафедрада студенттердің ғылыми – зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінде студенттер жоғары жетістіктерге жетіп жатыр. 2024 жылы мамыр айының 3 күні «Студенттік ғылым – зерттеу әлемі» тақырыбындағы XXVI студенттік ғылыми-практикалық конференциясының ашылу салтанатында 6В07311- «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті бағалау» білім беру бағдарламасының студенттері Сман Анель Серікқызы және Болатбек Аружан Бакыткызына «Студент зерттеуші» біліктілігі берілді. Студенттердің ғылыми жетекшісі - Нұралы Жазира Утепәліқызы студенттерге зерттеу жұмысын жүргізуде бағыт - бағдар беріп, жетекшілік жасады.

Толығырақ

ЕКІ ЖАҚТЫ КЕЛІСІМ ШАРТ ЖАСАЛДЫ

«Мұнай, газ және тау кен-ісі» кафедрасының докторанты Кембаев А.Р. 28.03.2024-28.04.2024. ж.ж. аралығында Әзірбайжан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының «Мұнай-газ институтында» және «Әзірбайжан мемлекеттік мұнай және өнеркәсіп университетінде» тағылдамадан өтті.

Толығырақ

Әсемдік қыздарға жарасады

Дулати аруы-2024- Нұрлан Мерей Нұрланқызы!

Бас жүлде тағы да біздің кафедраның Ару қызы МЕРЕЙДЕ!

Университетімізде дәстүрлі түрде ұйымдастырылып жүрген «Дулати аруы-2024» сұлулық байқауына кафедрамыздың 6В07312-«Жерге орналастыру» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Нұрлан Мерей Нұрланқызы қатысып, бас жүлдеге ие болды.

Толығырақ

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫ - ҚОҒАМНЫҢ ПРОБЛЕМАСЫ

25.04.2024 ж. «Қаржылық пирамидалардың зияны» атты тақырыпта «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының «Экология және ТӘҚ» кафедрасының студенттерінің қатысуымен сонымен қатар «Экология және ТӘҚ» кафедрасының оқытушылары А.Қ. Жумадилова, Ж.М. Джанаева, Г.Ә. Әлімхан және С.З. Жигитованың ұйымдастыруымен ашық практикалық семинар өткізілді. Семинарға Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің майоры, аға жедел уәкiлі Исатаев Жағыпар Кожахметовичпен кездесу өтті.

Толығырақ

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

«Жерге орналастыру және кадастр» кафедрасының 2023-2024 оқу жылының тәрбие жұмыстары жоспарына қарай «Салауатты өмір салты денсаулық кепілі» тақырыбында медицина қызметкерлерімен кездесу кафедраның 3 курс топ кураторлары Нұралы Жазира және Ауесбеков Нуриддиннің ұйымдастыруымен №2 Студенттер үйінде өткізілді. Кездесуге университетіміздің медицина мамандары Дуйсебаева Бақыткул Изетуллаевна, Турбаева Жания Мейрамбекқызы шақырылып, институтымыздың тәрбие ісі және кадр мәселесі жөніндегі директор орынбасары Байназаров Ұлан Айтжанович, кафедра меңгерушісі Ахметов Ерғали Сейілбекұлы және профессор оқытушылар құрамы қатысты.

Толығырақ

Шығармашылық көрме өтті

"Сәулетші" студенттік ғылыми үйірмесінің (бұдан әрі-СҒҮ) жұмыс жоспарына сәйкес студенттік ғылыми үйірмемен «Тарихи сәулеттік ескерткіштердің сәулеттік деталдер мен фрагменттері» такырыбындағы уйымдастырып отырган шығармашылық жұмыстардың көрмесі өтті.Көрмеге Дулати студенттері, Жамбыл облысы және Тараз қаласының мектептері мен орта оқу орындарының бітіруші сынып оқушылары қатысты.

Толығырақ

Шакен Ниязбековтың 85 жылдық мерейтойына орай шығармашылық көрме өтті

М.Х. Дулати атындағы М. Уркумбаев атындағы ТарӨУ Жастар сарайында "Сәулет және құрылыс өндірісі" кафедрасының ұйымдастыруымен "Сәулет" білім беру бағдарламасының студенттерінің "Қазақстанның мемлекеттік туының авторы Шакен Ниязбековтың 85 жылдық мерейтойына орай шығармашылық жұмыстарының көрмесі өтті.

Толығырақ

Екі жақты меморандумға қол қойылды

"Qazaqgaz барлау және өндіру Амангелді ЖШС" мен «Дулати» университетінің арасында екі жақты мемарандумға қол қойылды.

Кездесудің негізгі мақсаты– дуалды оқыту бағдарламасын іске асыру боынша келісім-шарт жасасу. Аталған жиынға университет тарапынан Басқарма төрағасы-Ректор Мұхтар Байжұманов мен басқарама Мүшесі-ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейтжан Орынбаев және академиялық жұмыстар жөніндегі департамант директоры Сауле Алимбекова, ал өндірістен мекеменің Бас директоры Алмас Қуандықов, директордың өндірістік ісі бойынша орынбасары Аңсар Бақбергенов, персоналды басқару бөлімінің жетекшісі Алия Худибаева, сонымен қатар «Мұнай, газ және тау-кен ісі» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттері қатысты.

Толығырақ

Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім!

Су ресурстарын басқару ББ 3-курс студенттері "Тәуелсіздік тірегім, Қазақстан жүрегім!" тақырыбында ашық куратор сағатын өткізді.

Ашық куратор сабақтың мақсаты: - Еліміздің тәуелсіздік алу жолындағы ата - бабаларымыздың ерлігін паш ету, студенттерге желтоқсан құрбандарымен, желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ерлігін үлгі етіп көрсету.

Тәуелсіздік тарихы 1986 жылы 16 - желтоқсанда таңертең, Алматыда жаппай толқу басталды. Жастар алаңға жинала бастады. Алаңда «Біз қазақ, ежелден еркіндік аңсаған», «Әрбір ұлтты өз көсемі басқарсын», «Тәуелсіздік керек»,- деген ұрандар айтылды. Алматы гарнизонын жауынгерлік дайындыққа келтіріп, көп күшпен алаңдағы жастарды қоршап алды. Алматыға әр аймақтардан әскердің арнайы бөлімдері жіберілді. Өз елінің тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға «Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар» деген кінә тағылды. Көптеген студент жастар түрмеге қамалды, оқу орнынан шығарылды. Тәуелсіздік жолында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира сынды көп  қазақ жастары желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсетіп құрбан болды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы 9 – желтоқсанда  Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке «Халық қаһарманы» атағы беріліп, ата-анасына «Алтын жұлдыз» айрықша ерекшелік белгісі тапсырылды. Сәбира, Ләззат, Ерболға тағы басқа желтоқсанға қатысқан жастарға «Желтоқсан қаһарманы» атағы берілді.
Бүгін біз дербес ел болып, уығымызды қадап, шаңырағымызды көтеріп, ерікті еркін мемлекетімізді құрдық. Қазақстан Республикасы атанып, көк байрақ туымызды желбіретіп әлемге әйгілі болуымыздың өзі - осы Тәуелсіздікке қол жеткізуіміздің арқасы. Олай болса Тәуелсіздігімізге шаң жұқтырмай, оны ең қымбат асылымыздай құрметтеп, келер ұрпақ қолына аманаттап тапсыруға тиіспіз. Елімізді ішкі - сыртқы дұшпаннан  қорғауға міндеттіміз. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз мәңгілікке мирас болмақ.

Толығырақ

Тарих төріндегі Тараз!

Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру институты «Экология және ТӘҚ» кафедрасы 2023 ж. 8 желтоқсанда жастарға тарихи-мәдени мұраны жаңғырту, сақтау және насихаттау, өскелең ұрпақты өзінің ұлттық құндылықтары мен дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеу мақсатында «Тарих төріндегі Тараз!» тақырыбында ашық тәрбие сағатын жүргізді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейінің қызметкерлерін шақырды. Музей қызметкерлері жылжымалы көрме ұйымдастырып, Тараз қаласының даму тарихы, мәдениеті, ескерткіштері жайлы әңгіме баяндап, қорық-мұражай қорынан әкелген ерекше  тарихи жәдігерлер мен ежелгі қыш ыдыстары және презентация көрсетілді.

Толығырақ

"Оралхан Бөкей- төр Алтайдың асылы"

2023 жылдың желтоқсан айының 6 жұлдызында «Су ресурстары» кафедрасының «6В08615-Су ресурстарын басқару» ББ 3 курс студенттері Оралхан Бөкейхановтың 80 жылдығына орай «Оралхан Бөкей – Төр Алтайдың асылы» тақырыбында ашық кураторлық сағатын өткізді.

Мәңгілік ақ қар жамылған асқар шыңдары, ал етегінде ағысы асаудай тулап жатқан Бұқтырма өзені бар, қазақ Алтайының киелі топырағында дүниеге келіп, аса дарынды талантымен барша қауымды таңғалдырған, Қатонқарағай ауданының «Құрметті азаматы», Қазақ ССР Мемлекеттік Абай сыйлығының, Н. Островский атындағы Бүкілодақтық әдеби сыйлықтың, «Молодая гвардия», «Жалын» баспалары сыйлығының лауреаты, «Құрмет белгісі» орденінің иегері жерлес жазушымыз Оралхан Бөкейдің туғанына биыл 80 жыл толып отыр.

Толығырақ
Top