«МЫРЗА МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Жамбыл облысының 85 жылдығы мен 23 сәуір- дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай «Art& Science: білімге деген құштарлық» Jambyi Book Fest – кітап фестиваліне арналған әдеби-шығармашылық кездесу өтті.

Кездесуге «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері ф.ғ.д., профессор Сәмен Құлбарақ және журналист, жазушы Көсемәлі Сәттібайұлы, студенттер қатысты.

Кездесу мақсаты – кітап пен ғылымды дәріптеу, ғылыми-танымдық әдебиеттерді, шет елдік және қазақстандық жазушылар мен олардың шығармаларын насихаттау, оқырман мәдениетін дамыту.

Осы кеште ф.ғ.д.,профессор, әдебиеттанушы Сәмен Құлбарақтың «Мырза Мұхаммед Хайдар Дулати» кітабының тұсаукесері өтті. Бұл еңбекте атакты тарихшы, әдебиет майталманы және мемлекет кайраткері Мұхаммед Хайдар Дулатидің  қазақтың дамуына қосқан үлесі, ел үшін аянбай қызмет еткен әдебиет майталманының ғибратты ғұмырнамасын насихаттап, жас ұрпақ санасын рухани тұрғыдан байытып, тәрбиелік мәні терең ұлттық құндылықтарды санаға сіңірудегі рөлі ерекше екендігі айтылған.

Кездесу барысында қадірлі қонақтар сөз алып, шығармашылық әлемінен жан-жақты сыр қозғаса, жастар жағы осы сәтті пайдаланып сүйікті қаламгеріне көкейінде жүрген қызықты сауалдарын қойып, жауап алды.

Кездесу соңында автор өзінің туындысына қызығушылық танытып, көп жылғы еңбегіне құрмет көрсетіп келген барлық оқырманға шын жүректен алғысын білдірді. 

кытап111

кытап2222

 

 

Прочитано 98 раз
Top